Жазғы демалыс лагеріне іс-сапар

Ағымдағы жылғы тамыздың 2-сі күні «Меңдіқара ауданы әкімдігінің Тілдерді оқыту орталығы» КММ ұжымы Каменорал ауылдық округінде орналасқан «Лесная сказка» жазғы демалыс лагерінде Болашаққа бағдар : Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында, қазақ тілінің латын қаріпіне көшу бойынша түсіндіру жұмысы және жазу тренингтерін өткізді. Тілдерді оқыту орталығының ұжымы балаларды латын әліпбиімен таныстырып, латын әліпбиіндегі қаріптерді жазып, балалар латын қарпінде өз есімдерін алғаш рет жазып көрді. Сонымен қатар, жазғы демалыс лагеріндегі балалармен ойын тренингтерін өткізді. Балалар іс-шараға белсенді қатысып, жауапкершілігін көрсетті. Тілдерді оқыту орталығының латын қарпіне көшу бойынша түсіндіру жұмыстары әлі жалғасын таппақ.