Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«Арыстан патша» көркемтуындысы қазақ тілінде көрсетілуде

19.7.2019 3707
Disney-дің «Арыстан патша» көркемтуындысы отандық кинотеатрлардан қазақ тілінде көрсетілуде.

«Болашақ» корпоративтік қорының «Өзіңнен баста» жобасы аясында Disney өнімдерін қазақ тілінде дубляждау жұмысы елімізде 2011 жылдан бері жүзеге асып келеді. «Арыстан патша» мультфильмі аталған жоба аясындағы 31-ші туынды.

«BI Group компаниясының демеушілігімен және Nur Otan партиясы мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылған кезекті туындымыз 18 шілдеден бастап көрерменге жол тартты. Бұл «Өзіңнен баста» жобасы аясындағы 31-ші көрініс. Қазақ көрерменін қызықты қазақша ремейктермен қуанта береміз. «Болашақ» корпоративтік қоры мен BI Group компаниясы Walt Disney Pictures, Pixar және Sony Pictures компанияларының тағы 7 фильмін дубляждауға 2020 жылға арналған меморандумға қол қойды», деді «Болашақ» корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Д.Чайжунусова.

Фильмдегі кейіпкерлерді қазақша сөйлетуге отандық кино және театрдың жетекші актерлері тартылған. Атап айтар болсақ, Муфаса бейнесін ҚР еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Бекболат Құрманғожаев қазақшаласа, Сарабиді кино және театр актрисасы Алтынай Нөгербек, Шензиді жас актриса Сая Тоқманғалиева, Рафикиді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер Болат Ыбыраев, Пумбаны актер Жәнібек Мұсаев, Тимонды театр және кино актері Дәурен Серғазин дыбыстады. Бала Симбаны – Бекнұр Ыбырай, ересек Симбаны – Олжас Жақыпбек қазақшалады. Сол сияқты Наланың бала күнін – Динар Қалдыбек дыбыстаса, ересек күнін Наурыз Сабағатова қазақша сөйлеткен. Дубляж режиссері – Шах-Мұрат Ордабаев, музыкалық редактор – Әнел Токирова.

Фильмдегі басты саундтректі танымал қазақстандық әнші Маржан Арапбаева орындаған. Ал әнші Бейонсе орындаған арыстан Наланың «Алға» әнін «X-Factor» жобасының жеңімпазы Дария Габдулл шырқады. Фильмнің кастингіне Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан 50-ден аса актер қатысқан.

Еске сала кетейік, «Өзіңнен баста» жобасы аясында қазақ тіліне Голливудтың 31 кинотуындысы дубляждалды. Олардың ішінде «Тачки-2», «Мстители-2: Эра Альтрона», «Храбрая сердцем», «Тайна Коко», «Моана», «Малефисента», «Аладдин», «История игрушек-4» және т.б. фильмдер бар.

Тегтер: «Арыстан патша», кино, мультфильм, Disney, қазақ тілі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

25299 Тіл райы

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТАРИХЫ. БҮГІНІ. КЕЛЕШЕГІ

21191 Тіл райы

Сіздерде бәрі орысша...

5046 Тіл райы

Семейде қазақ тіліндегі жарнамалардан 70-тен астам қате табылды