Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Айтыс сахнасы сайқымазақтардың орны емес

30.7.2019 4195
«Алтын домбыра» айтысын биыл Ақ Жайық өңірі қабылдайды. VIII кезекті аламан айтыс Орал қаласында өткелі отыр. Бұл туралы халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының төрағасы Жүрсін Ерман abai.kz сайтына берге сұқбатында мәлімдеді. Сондай-ақ ол қазіргі айтыстың жай-күйіне де тоқтала өтті.

Шынын айтқанда, ақындар айтысы қазіргі қазақ қоғамы секілді "алты бақан, ала ауыз" болып жүргелі көп болды. Тіпті бір жылдары кейбіреулер айтыстың тізгініне жармасып, өз қарамағына алғысы келгенін де байқаған едік. Ғасырлар бойы қазақ халқының "Парламенті" болған ақындар айтысын қолына алып, өзінің идеологиясын дәріптеуге әркім әуес. Халықтың мұң-мұқтажын айтуы тиіс ақындарымыз жолынан жаңылып, әрқайсысы өз "иесінің" идеясын нәсихаттаса айтыста не қасиет қалмақ?

Кейде сырт көзге айтыскерлердің өзі жік-жікке бөлінгендей көрінеді. Арқада өткен айтысқа қатысқан ақын, Жетісудағы жыр бәйгесіне жоламайды дегендей. Басқаша айтқанда, Одақ ұйымдастарыған айтыстарға қатысатын ақындар бір бөлек, өзге айтыстарға қатысатындар бір бөлек?!

Оның үстіне, айтысты шоуға айналдырғысы келетіндер де бар. Сахнада домбырасын сабалап, ән салып, "концерт қоятындар" көбейіп кетті. Айтысты қанша жерден жан-жақты өнер дегенімізбен, өз шеңберінен шықпағаны жөн. Көркемдіктен жұрдай бұралқы сөздермен көрерменді күлдіруді ғана ойлайтын ақындар айтыстың сапасын түсіреді. Онсыз да қазақ өнерін сайқымазақтар жаулап алды. Кино да сайқымазақ, әзіл-ысқақ театрлары да сайқымазақ, телеэкран мүлде әнші-сайқымазақтардың ордасына айналған.

Сол үшін айтысты жұлмалауды қою керек. Қолына домбыра ұстаған сайқымазақтарды сахнадан қуып түсетін кез келді деп есептейміз. Айтыс - қазақ үшін ұлық өнер. Оны әркім өз идеологиясын дәріптейтін құралға айналдырмағаны жөн. Сөз соңында "айтыскер ала болса, ауыздан асыл сөз кетерін" айтқымыз келеді.

Тегтер: Айтыс, Жүрсін Ерман, Алтын домбыра, Орал

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

25299 Тіл райы

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТАРИХЫ. БҮГІНІ. КЕЛЕШЕГІ

21191 Тіл райы

Сіздерде бәрі орысша...

5046 Тіл райы

Семейде қазақ тіліндегі жарнамалардан 70-тен астам қате табылды