Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Тіл үйренуге тиімді қадам

6.9.2016 3509
Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесе мемлекеттік қызметшілерді оқыту семинарын жалғастырады.

Мақсаты: Мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілінде тыңдап түсіну, оқу, сөйлеу, жазу және жазбаша сөйлеу құзыреттіліктерін қарапайым деңгейден ортадан жоғары деңгейлерге интенсивті-тренингтік, қашықтықтан оқыту арқылы жеткізу.

Мемлекеттік тілді оқыту семинарына Қазақстан Республикасы Энергетика, Ауылшаруашылығы, Ұлттық экономика, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Инвестициялар және даму, Әділет, Білім және ғылым, Сыртқы істер, Мемлекеттік қызмет істері, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктері, Жоғарғы сот және Бас прокуратура қызметкерлері қатысады.

Семинарға қатысушы мемлекеттік қызметшілерге:

- «Ресми-іскерлік қазақ тілі»;

- «Мемлекеттік қызметшінің А1-А2-В1 деңгейлерінде оқу, жазу, сөйлеуге жазбаша дайындық, тыңдап түсіну дағдылары»;

- «Ресми жазылым және мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу»;

- «Сөз мәдениеті және іскерлік риторика»

тақырыптарында дәріс беріледі.

Семинар соңында қатысушыларға сертификат табысталады.

Байланыс телефондары: 8(7172)753150, 753166, 408367

Тегтер: қазақ тілі, тіл үйрену, семинар
Авторы: tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

609 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

805 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

892 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ