Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​ Қадыр Мырза Әлі: «АНА ТІЛІҢ АЛПЫС ТІЛГЕ ТАТИДЫ»

29.9.2016 16491
Ұлт тілі әрқашанда сол халықтың өсуі мен өркендеуінің құралы, халық рухының негізі, ана тілісіз ұлттың дамуы мүмкін емес. Бұны ғұламалар мен даналар ежелден шексіз айтып келді, қазір де айта береді, өйткені тіл өшкен жерде ұлт жоғалады. Бұл қағидаларды ешкімде ұмытпауы керек және қайталаудан қазір де жалықпауымыз керек шығар. Қазақтың қадырын асырып, оның жан дүниесін жырлаған, өмірлік өлеңдерін мәңгі қалдырған ақын Қадыр Мырза Әлі тілдің қасиеті мен құдыретін аса ерекше сезінді, қазақ тілінің қазіргі ахуалы туралы тәтті де, қатты айтып кетті. Ақынның көзі тірісінде өзінің айтқандарын өзі жинап қалдырған қанатты сөздері бүгінде олардың маңызын тағы да бір аңғартады.


Бір ауызға бір емес, бірнеше тіл сияды. Бірақ соған ана тілін сыйғыза алмасаң, қазақ болмай-ақ қой!

***

Әрбір халық өзінің тілінде ғана бақытты.

***

Қазақ тілінің ұлылығы сонда:

Бұл тілде кейбір қазақтардың өздері де сөйлей алмайды.

***

Ана тіліңде сөйлемесең –құрып кет!

Ит болып үріп кет!

***

Діннен безу – сұмдық,

Тілден безу одан бетер.

***

Тілдің бетін тіл ғана қайырады.

***

Тілді білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер қазақ емес!

***

Тіл біреулерге алдау үшін,

Біреулерге ақталу үшін керек.

***

Тіл өзі не? Анатомиялық атау ма?

Әлде суық қару ма?

***

Кейбір басшылардың ана тілі –өтірік.

***

Өгіз де өз тілінде мөңірейді.

Қорсылдаған құлынды көрген жоқпын.

***

Ана тілің –асылың.

Оны білмеген – масылың.

***

Адам Алласына ана тілінде жалбарынады.

***

Халық патшаның тілінде емес,

Патша халықтың тілінде сөйлесін!

***

Дінсіз адам – кәпір,

Тілсіз адам пақыр.

***

Ана тілім болмаса мына тілім бар деме,

Ана тілге лайық басқа тілді бермеген.

***

Тіл қан шығармай –ақ қансыратады.

***

Қан шығаратын қанжардан,

Қансырататын тіл мықты.

***

Жебе жай құр еттен өтеді,

Сөз жүректен өтеді.

***

Ұрлықтың төркіні түнде,

Төбелестің төркіні тілде.

***

Пілде тұлып жоқ,

Тілде құлып жоқ.

***

Мәселе- қанша тілде кісінесуде емес,

Мәселе -бір тілде түсінісуде.

***

Ел сөйлесе бір тілде,

Сен де сөйле,

Іркілме!

***

Сүйексіз тіл сүйегіңді сындырады.

***

Сөз семсерден бетер-

Сеспей қатырады.

***

Ауру ауыздан кіреді,

Азап ауыздан шығады.

***

Дауды тіл бастап, қару аяқтайды,

Соғысты қару бастап, тіл аяқтайды.

***

Тіл – елдігің,

Бірлік – белдігің.

***

Тіл –бірлігің,

Бәйге бермес көлігің.

***

Ұлттың тілі - ұлттың ділі.

***

Тіл – ұлттың сүйенетін тамыры,

Сиынатын тәңірі.

***

Ана тілі – ұлттың бірден бір паспорты.

***

Балық тілсіз болса да,

Халық тілсіз болмайды.

***

Өз тілің -бірлік үшін,

Өзге тіл -тірлік үшін.

***

Өзге тілде сайрау қауіпті емес,

Өзге тілде ойлау қауіпті.

***

Тілі қатты таяқ жейді,

Тілі тәтті жая жейді.

***

Тіл сабап береді,

Бас жауап береді.

***

Ұлыңның тілін кессең де,

Ұлттың тілін кесе алмайсың.

***

Әкім нашар сөйлесе,

Ақын нашар сөйлесе,

Ана тілде кінә жоқ.

***

Топтастыратында да -тіл,

От бастыратын да -тіл.

***

Біздің кейбір балалардан көкектің балапаны жақсы. Олар өзге ұяды өссе де, өз тілдерінде қақсайды.

Ұсынған Салауат Кәрім

Тегтер: ана тілі, қазақ тілі, Қадыр Мырза Әлі, тілден безу, тілді білмейтіндер,
Авторы: tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

609 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

805 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

892 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ