Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Қарағандының бір ауданына Әлихан Бөкейханның есімі беріледі

30.9.2016 2321
​Осыдан біраз уақыт бұрын қарағандылық зиялы қауым өкілдері Әлихан Бөкейханның есімін қала көшелерінің біріне беруді ұсынған болатын. Алты Алаштың көсемі атанып, қазақ елінің азаттығы жолында зиялы қауым өкілдерінің басын қоса білген арысымыздың туған жері — Қарағанды. Әйтсе де қалада Ленин, Октьябр тәрізді кеңестік атаулар бар да, Әлихан атында көше жоқ. Әділдік толық салтанат құруы үшін осы көшелердің біріне Ұлт көсемінің атын беруіміз керек. Дұрысы сол болмақ. Зиялы қауым өкілдерінің ұсынысын облыс әкімі де қос қолдап қойлдайтынын, бірақ Әлиханға көшенің емес тұтас аудан атын беру керектігін айтып, бұл мәселенінің шешімін табуға уәде берді. Сөзін жерге тастамаған екен. Әлихан Бөкейханның Ақтоғай ауданында тойланып жатқан 150 жылдық мерейтойында көптің көңіліне қуаныш ұялатқан мәлімдеме жасады.

— Қадірлі ағайын! Ең алдымен, сіздерді Алаш қозғалысының көсемі, ардақты арысымыз Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Әлихан Нұрмұхамедұлы – ел еркіндігі үшін күрес жолында мәңгі өлмейтін із қалдырған, бар ғұмырын қазақ халқының ұлттық саяси бостандығы мен дербестігіне арнаған ұлы тұлға. Алаш ынтымағының, ұлылығы мен қуаттылығының діңгегі. Ұлт мәйегі. Мәңгілік соғар жүрегі деп айтуға болады.

Ал Алаш көсемінің өмір бойғы ұстанған: «Тірі болсам қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген қағидасы бүгінгі ұрпаққа үлкен өнеге.

Алдағы уақытта Қарағанды облысының орталығында Әлихан Бөкейханның ескерткішін орнату, Қарағандыдағы бір ауданның атын Алаш арысымен атау жоспарланып отырғанын қуанышпен жеткізгім келеді. Сонымен қатар, Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен тұңғыш рет Әлихан Бөкейханның толыққанды 15 томдығы жарық көреді. Менің қолымда қазір алғашқы 2 томы. Жалғасын әлі де табатын болады.

Әрине, бұл келешек ұрпақты ұлттық мұратқа тартудың, Отансүйгіштікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы деп білемін. Ең бастысы бұл — көптің тілегі, — дейді Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков.

«Қасым» порталы

Тегтер: Алаш қозғалысының көсемі, Әлихан Бөкейханов, Алаш көсемі, тірі болсам қазаққа қызмет қылмай қоймаймын, Әлихан Бөкейханның толыққанды 15 томдығы, әлихан бөкейханның 150 жылдық мерейтойы
Авторы: tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

609 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

805 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

892 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ