Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

24.10.2023 1052

2023 жылғы 24 қазан күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Мақпал Жұмабай еліміздің ұлттық ең ұлық мерекесі – Республика күнімен байланысты ұжым мүшелерін құттықтады. 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған «Егемендік туралы» декларация барша қазақстандықтарды ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойғы асқақ арман-мұраты жолына біріктірген еді.

«Осы күннен бастап шекарамызды шегендеп, замана көшінде келе жатқан салт-дәстүрімізді, қастерлі мәдениетімізді, қасиетті тілімізді жаңғыртуға жол аштық. Қашанда тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болып, халқымыздың ынтымақ-бірлігі арта берсін», – деді МақпалҚұрманжанқызы.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрінің Құрмет Грамотасымен еліміздің білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қоса отырып, өркендеу жолында атқарған абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін Гүлнәр Омарова, Гүлнәз Төкенқызы, Дәулеткерей Құсайынов марапатталса, Министрдің Алғыс хатына Арнагүл Балташева, Нұржан Сейсенбек, Жанар Байділдина ие болды.

Барша әріптестерімізді мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

Тегтер: Республика күні
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

609 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

805 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

893 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ