Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ӘРІПТЕСТІГІ АЯСЫНДА

1.12.2023 940

2023 жылғы 1 желтоқсан күні Қырғыз Республикасының Президентіне қарасты Мемлекеттік тіл және Тіл саясаты бойынша ұлттық комиссия өкілдері Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында болып Қоғам жұмысымен танысты.

Қырғыз Республикасының Президентіне қарасты Мемлекеттік тіл және тіл саясаты бойынша ұлттық комиссияның төрағасы Осмоналиев Каныбек Осмоналиевич, «Қырғызтест» директоры Топоева-Ставинская Батма Болоталиевна, «КЭТБ» директоры Байгуттиев Сейтек Сейтбекович Республикалық терминология комиссиясының кезекті отырысына қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

Бұдан кейін Қоғамның қызметімен және IT жобалармен танысты.

Бас директор Мақпал Жұмабай қазақ тілін халықаралық деңгейде дамыту, шетелдіктерге арналған әдістемелік әзірлеу, қазақ тілін стандарттау, ана тілімізді ғылым тіліне айналдыру мақсатында жасанды интеллекті тілін қазақшалау туралы жан-жақты әңгімелеп, осы бағыттағы болашаққа арналған бірқатар жоспарды ортаға салды.

Іскер басқосуда Тіл HUB жетекшісі Мөлдір Бақытқызы Қоғамда әзірленген IT жобалар мен платформаларды таныстырды.

Қырғыз Республикасының Президентіне қарасты Мемлекеттік тіл және Тіл саясаты бойынша ұлттық комиссиясы мен Қоғам ұжымы өзара бірлескен ынтымақтастық жұмыстарын жүйелі жүргізу жөнінде уағдаласты.


Тегтер: ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ӘРІПТЕСТІГІ АЯСЫНДА
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

609 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

805 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

892 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ