Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ: КЕЗЕКТІ САНЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

6.12.2023 617

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің «Тіл және қоғам» альманағының 2023 жылғы №2 (58) саны жарыққа шықты. «Тілтаным» айдарын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Жантас Жақыповтың «Мемлекеттік тіл құндылығы туралы» мақаласы ашады. Кең толғамды жазбасын автор: «Бұл мәселені көсем сөзбен әдіптеп айтуға да болар, бірақ объективті-ғылыми қырын көрсетуге талпынамыз.

Сол әділ болады, бұл жерде әділдің «жүрексіз» деген түпкі мағынасына ден қойып отырмыз», – деп бастап, өзі көтеріп отырған мәселе төңірегінде жан-жақты талдау жасайды.

«Лингвомәдениеттану» бөлігі бойынша Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме бөлімінің ғылыми қызметкері Ләйла Демесінованың «Қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі құс архетипінің лингвомәдени сипаты» мақаласымен танысуға болады.

«Тұлғатануда» кесек бітімді, кемел білімді ұлт қайраткерлері бейнесіне қанық болсаңыз, «Аударматану», «Әдістеме», «Талқы» айдарымен берілген материалдардан тіл біліміне қатысты қызғылықты мәліметтерге кезігесіз.

Альманағтың толық нұсқасын төмендегі сілтеме бойынша оқи аласыздар: https://tilalemi.kz/tartu/one/1198
Тегтер:
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

609 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

805 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

892 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ