Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ЖЕКЕ КІТАП ҚОРЫН ТАРТУ ЕТУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

7.12.2023 864

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Л.Есбосын көрнекті қоғам қайраткері, қазақ тіл ғылымының абызы, отандық ономастиканың атасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор, Телғожа Сейдінұлы Жанұзақовтың өмір бойы жиған жеке кітапханасын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетіне тарту етуіне арналған тұсаукесер рәсіміне қатысты.

Лиза Қожаққызы салтанатты шарада ұлағатты ұстаз, айтулы тұлғаға Бас директордың Құттықтау хатын табыс етті. Онда былай делінген: «Адал қызметіңіз бен айналаңызға таратқан тағылымды үлгі-өнегеңіз Сізді әрқашан абырой биігіне көтеріп келеді. Күні бүгінге дейін бір ғана Сіздің жетекшілігіңізбен 6 докторлық және 16 кандидаттық диссертация қорғалып, отандық ғылым қазынасына үлкен олжа болып қосылды»

Сондай-ақ, нағыз мәрттіктің үлгісін көрсетіп, жалпыға бірдей ортақ пайдалануға ұсынып жатқан Т.Жанұзақовтың білім қазынасы – жеке кітап қорына ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының Парижде тұсауы кесілген Таңдамалы шығармаларын сыйға тартты.




Тегтер: ЖЕКЕ КІТАП ҚОРЫН ТАРТУ ЕТУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

609 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

805 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

892 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ