Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«ҮЗДІК ПОДКАСТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

13.12.2023 932

Жылда дәстүрлі түрде Әдістеме LAB бөлімі «Үздік подкаст» байқауын жариялайды. «Үздік подкаст» республикалық байқауының мақсаты – мемлекеттік тілде үздік подкаст әзірлеген тіл үйренушілерді анықтау және олардың жетістіктерін насихаттау арқылы Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді қолданудың аясын кеңейту, азаматтарды мемлекеттік тілде сөйлеуге ынталандыру, қазақ тіліндегі контенттің сапасы мен санын арттыру.

Байқауға Қазақстан Республикасының өңірлік және жекеменшік тіл орталықтарының, орта мектеп мұғалімдері мен әдіскерлері, қазақ тіліне қызығушылық танытатын азаматтар қатысты.

«Үздік подкаст» республикалық байқауына 2023 жылдың 10 желтоқсанына дейін 40-тан астам өтінім келіп түсті.

Байқау қатысушылары 5 номинация бойынша марапатталды:

1. Үздік бейнемотиватор – Айжарқын Мұратқызы мен Ақтан Олжатайқызы

2. Шешендік шеберлік – Түменбаев Шыңғысхан Берікұлы, Тоқпанов Әнуар

3. Үздік креативті бейнеролик – Панов Евгений Миихайлович, Александр Герасименко, Сембиева Гулбану Гарифуллаевна

4. Үздік шығармашыл бейнеролик – Алтайбаева Аида Мукашовна, Жумагелдиева Толғанай Бекболатқызы.

5. Көрермендердің ерекше ықыласы – Бекасыл Айсұлтан, Ксения Коноплицкая


Белсенділік танытқан байқау қатысушыларына алғыс білдіреміз!

Жеңімпаздарға шығармашылық шабыт пен толағай табыс тілейміз!

Тегтер: үздік подкаст
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

609 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

805 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

892 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ