Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Т. Дүйсенованың ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің «Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ жұмысымен танысу рәсімі

21.12.2023 965

Ағымдағы жылғы 20 желтоқсан күні Астана қаласында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Т.Дүйсенова ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жұмысымен танысты.

Кездесуде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбек еліміздегі тіл саясатының жүзеге асырылуы, қазақ тілін цифрландыру мәселелерінің маңызды екенін атап өтті. Министр сөзінде жасанды интеллект технологиясын дамытуда тілдің шешуші орында тұрғанын, қазақ тілінің ауқымды моделін (LLM) жасау – мемлекеттік қажеттілік екенін баса айтты. Бұл бағыттағы жұмыс кешенді түрде жүзеге асырылатынын жеткізді.

Кездесу барысында «Тіл-Қазына» орталығының бас директоры М.Жұмабай ғылыми-әдістемелік өнімдер көрмесін, аталған Орталық әзірлеген ІТ өнімдерді және тілді цифрландыру бағытында жоспарланған ІТ жобаларды таныстырды.

Қазіргі уақытта «Емле.кz», «Termincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz», «Balatili.kz», «Tilqural.kz», «Аbai institute» жобаларының халыққа қолжетімді болып отырғандығы сөз болды.

Алдағы уақытта қазақ тіл білімі үшін ғылыми электрондық кітапхананы әзірлеу, электрондық құжаттар қорын қалыптастыру, «Шет тілі терминдерінің қазақ сөзжасамдық, фономорфологиялық модельдерінің автоматтандырылған жүйесі», «Qazgramma» жобаларының қолданысқа берілетіндігі айтылды.

Сонымен қатар алдағы уақытта инклюзивті жобалар: сөйлеу синтезін әзірлеу, көру қабілеті нашар адамдардың монитор экранынан ақпарат алуға арналған портативті дербес компьютермен жұмыс істеу ерекшеліктерімен танысуға арналған экрандық диктор әзірлеу, Брайль әліппесіне негізделген портативті электронды құрылғы шығару, «Oxford-Qazaq dictionary» сөздігінің электронды платформасы, мемлекеттік тілді балаларға үйрету мақсатында мобильді ойындар және т.б. IT өнімдер әзірлеу жоспарланып отыр.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Т. Дүйсенова өзінің қорытынды сөзінде мемлекеттік тіл саясатын конструктивті негізде іске асыру қажеттігіне назар аударып, қазақ тілінде жасанды интеллектіні дамытуды, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуге бағытталған ІТ-жобаларды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп іске асыруды тапсырды.


Тегтер:
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

609 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

805 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

892 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ