Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

МИНИСТР «ТІЛ-ҚАЗЫНА» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

5.1.2024 706

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұжымымен кездесті. Жиында «Тіл Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми әлеуетін арттыру, жасанды интеллект жүйесінде қазақ тілі дамуын дұрыс үйлестіру, жас мамандарды қолдау мәселелері сөз болды.

Министр Саясат Нұрбекұлы: «Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жасанды интеллектті игеру бойынша алдымызға маңызды міндеттер қойып, оны жүзеге асыру үшін нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, ұлттық тіл моделін (LLM) құру – басты приоритет» дей келе, осы ұлттық деңгейдегі жобаға ғылыми қауымдастық пен жоғары оқу орындарының әлеуетін жұмылдырып, бірлесе жұмыс атқару қажеттігін айтты.

Министр өз сөзінде: «Әлемдік қауымдастық жасанды интеллект арқылы өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты. Күні кеше ғана қызығушылықпен бақылап отырған жасанды интеллект мүмкіндіктері бүгін біздің өмірімізге де етене араласа бастады. Біз сол процестің дәл ортасында отырғанымызды сезінуіміз керек. Мысалы, күні кеше ғана жүздеген адам атқарған жұмысты бүгінде бір ғана ЖИ моделі алмастырды. Бұл үрдіс енді тоқтамайды. Біз дәл қазір осы технологияны мақсатты түрде игеруге күш салуымыз қажет. Әйтпесе, әлемдік бәсекеден сырт қалмақпыз. Ал енді осы жасанды интеллекттің азығы, негізгі құраушы элементі – тіл. Біздің жағдайымызда – қазақ тілі. Осы ретте «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жасанды интеллект машиналарын оқытуға қажетті тіл қорын қамтамасыз ететін негізгі мекемеге айналуы тиіс. Оған қоса, шағын тіл моделін (LLM) жасау және дайын модельдерді қазақ тіліне бейімдеу жұмыстарын жүзеге асыру керек» деп атап өтті.

Кездесуде министр орталық мамандарының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, орталық әзірлеген цифрлық жобалармен танысты. Қазіргі уақытта «Емле.кz», «Termincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz», «Balatili.kz», «Tilqural.kz», «Аbai institute» жобаларының халыққа қолжетімді болып отырғандығы сөз болды. Алдағы уақытта қазақ тіл білімінің ғылыми электрондық кітапханасы, электрондық құжаттар қоры, «Шеттілдік терминдердің автоматтандырылған жүйесі», «Qazgramma» жобасы, көру қабілеті төмен азаматтарға арналған экрандық диктор қосымшасы қолданысқа берілетіндігі айтылды.

Тегтер: МИНИСТР «ТІЛ-ҚАЗЫНА» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

609 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

805 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

892 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ