Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ОКСФОРД УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ЖОСПАРЛАНУДА

26.1.2024 752

Бүгін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оксфорд университеті арасында өзара ынтымақтастық келісімге қол қойылып, соған сәйкес Оксфорд университетінде қазақ тілін оқыту қолға алынбақ.

Ғылым және жоғары білім министрі мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының басшыларынан құралған қазақстандық делегация әлемдегі ең беделді университетіне ат басын тіреді.

Ұлыбританияның оқу орнына арнайы барған делегация өкілдеріне Оксфорд Бодлиан кітапханасының Қазақстанға қатысты эксклюзивті көне қолжазбалары көрсетілді. Сонымен қатар университетте экскурсия өтіп, тарихы таныстырылды.

Бұдан әрі министр Саясат Нұрбек британдықтарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен даярланған Oxford Qazaq сөздігінің алғашқы басылымын таныстырды.

«Тіл – халқымыз үшін басты құндылықтардың бірі. Бүгін қазақ және ағылшын тіліндегі Oxford Qazaq сөздігін таныстыра отырып, біз жаңа тарихи белеске көтерілеміз. Соның арқасында әлем жұртшылығы біздің мәдениетіміз бен халқымыздың тарихы туралы мол мәлімет білетін болады. Біз қазақ тілін тек қағаз жүзінде ғана емес, мемлекеттік тілді дамытуды цифрландыру арқылы белсенді түрде жүзеге асырамыз», - деді министр.

Айта кету керек, өткен жылдың соңында қазақша-ағылшынша Oxford Qazaq сөздігі жарыққа шыққан болатын. Алғашқы басылым 1300 беттен тұрып, 60 мыңнан астам сөзді қамтыды. Ол Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының мамандарының қатысуымен 4 жыл бойы құрастырылды. Сәйкесінше, онда екі тілдің лексикасындағы өзгерістер және қазіргі мәдениет пен ғылым саласына қатысты соңғы жаңалықтардың енгенін атап кеткен жөн.

Сонымен қатар, министр әлемдегі жетекші жоғары білім сарапшыларының бірі, Білім департаментінің (Оксфорд университеті) ғылым жөніндегі орынбасары Майя Чанкселиани келіссөздер жүргізді. Тараптар үш маңызды бағытты талқылады: ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы, академиялық шеберлік орталықтары бойынша консалтинг, сондай-ақ жоғары білім беру саясаты саласында консультация беру.






Тегтер: ОКСФОРД УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ЖОСПАРЛАНУДА
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

608 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

802 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

890 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ