Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Айызың қанбаса, айтқанның керегі шамалы

09.08.2016 5351
Бабамыздан жеткен мұра қаншама, Жөн сілтейтін адам бар ма баршаға? Құбыжықты қайта-қайта көруге, Ынтығып жүр бүлдіршіндер жан сала...

Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі болашақтың жарқын көрінісі. Ал бүгінгі ұрпақ нені көреді? Қандай батырымен мақтанады? Кімге еліктейді, кімге қызығады? Осы сұрақтарға жауап іздесек, жауаптың жетегінде желініп кететін сияқтымыз. Көк жәшіктің көбіне бармай-ақ, азынан алдаусырап көрейік. «Балапан» телеарнасы кішкентай балапандармен бірге барынша қазақтың тілін сақтауға, тәрбиені беріп баптауға атсалысып жатыр. Дегенмен бұл күнде көпшіліктің сұранысында шетелдік мультфильмдер мен басты рөлдерді сомдайтын құбыжықтар. Әрбір отбасыдағы екінші бала «Nickelodeon», «Cartoon Network» арнасын көреді десек, шатаспайтын шығармыз. Ал бұл арналар қандай мультфильм көрсетіп, қандай үлгі бермек? Көк жәшіктен көзін алмай, арнаны ауыстыруға қолы бармай көретін бүлдіршіндердің «Волшебные родители» мультсериалы ата-атанының әрекетін мазаққа айналдырып, мұғалімді құрметтемек түгілі артына шанышқы тығып, балық ілгендей қармақққа «қарық» қылып, ұстазды іліп қояды. Тақтаға қосу амалын жазып тұрып, әлгі мұғалімсымақ құбыжыққа айналып кетеді. Қолындағы борын аузына толтырып, темекі тарту үлгісін таныстырып өтеді. «Турбопес» мультфильмін көріп, жаға ұстайсыз. Қоғамдағы жағымсыз қылықтардың көрінісін, орындалу тактикасын, қайтарымды нәтижесімен қосып, дайындап береді. Бұл мультфильмде арнайы құрылғы орнатылып, әлемдегі тышқандардың барлығын жиып, ұрлық-қарлық пен сұмдық жасауға үйрету көрсетіледі. Онсыз да ұрлыққа ұрынып бара жатқан қоғамға бұл бір таптырмас әдіс болатыны анық. Бұл көріністер сананы сандырақтармен улап жатқан тәсілдердің тек шеті ғана. Төріне жету үшін, төзіміміз таусылар. Сонда да сорақыларын санап өтейік.

Өмірге келіп, талпынып, оны тану қандай қиын болса, ал өле салу – бүгінде оп-оңай. Ата-анаңа ашулансаң, ілмекке ілініп, өле саласың. Сүйгеніңмен ажырасып кетсең, қолыңды кесіп, көре саласың. Тесттен өтпей қалсаң, дәрі ішіп, мүгедектікке төзе саласың. Сол сияқты «Обычный шоу» мултьфильмінде өлтіру деген нәрсе әп-сәтте орын алады. Адамды көлікпенен қағып кету, бір адамды өлтіріп, оны шелекке салып кету сынды іс-әрекеттер көптеп кездеседі. Санаға сыйымсыз әрекеттерді санамалап көрсетіп, өлгендердің мүрдесін оңай жоғалтуға да жол ашып қойған. Не басы жоқ, не аяғы жоқ атыс-шабыстың куәгері болып, қуғын-сүргіннің ортасында масаттана күлген құбыжықтарға тәнті боласыз.

Мінекей, осындай адам төзгісіз дүниелерді бесіктен белі шықпаған балғындарымыз көріп отыр, санасына ит тірлікті түйіп отыр. Бұдан ұрпақ кім болады? Үлкенді құрметтемек түгілі, арамдықты бойына міндеттемек болмай ма?!...

Тегтер: ұрпақ,Өмір,Ата-ана

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

25299 Тіл райы

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТАРИХЫ. БҮГІНІ. КЕЛЕШЕГІ

21191 Тіл райы

Сіздерде бәрі орысша...

5046 Тіл райы

Семейде қазақ тіліндегі жарнамалардан 70-тен астам қате табылды