Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Тіліміз бен тарихымыздан емтихан тапсыруы тиіс

7.4.2017 3375

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев көші-қон жағдайының ушығуын күтпей, Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер үшін еліміздің Конституциясы, мемлекеттік тілі, тарихы мен мәдениеті туралы білімін тексеретін емтихан енгізуді ұсынды. «Ақжол» фракциясының атынан жолданған депутаттық сауалда:

– Елімізде миграциялық дағдарысты күтпей-ақ, оны реттеу мен Қазақстандық бірегейлікті қорғау жөнінде алдын алу шараларын қолға алу керек деп есептейміз. Ең алдымен, заңнаманы Конституцияға сәйкестендіру аясында, «Азаматтық туралы» заңында Қазақстан Республикасының азаматтығын сұраушыларға емтихан тапсыру туралы нормалар қарастырылуы тиіс, атап айтқанда Республика Конс­титуциясы, Қазақстанның мәдениеті мен тарихы, мемлекеттік тіл саясаты жөнінде және тағы басқа. Бұл ұсыныс ешкімге ешқандайда дискриминация білдірмейді, бірақ ізденушілердің біздің халық пен мемлекетті құрметтеуіне тура келеді. Азаматтыққа құқық алу үшін емтихан тапсыру (Citizenship немесе Naturalization Test) Австралия, Австрия, Германия, Канада, Нидерланды, АҚШ, Израиль, Оңтүстік Корея сияқты көптеген елдерде қолданылады.

Депутаттың ортаға салған пікіріне қарағанда, кейбір мемлекеттерде емтихандарды азаматтық алғысы келгендер ғана емес, сонымен қатар, еңбек мигранттары немесе ұзақ мерзімге виза алушылар да тапсырады. Мысалға, Голландия мен Ресейде. Оның мақсаты – тілді түсінбеу немесе қалыптасқан дәстүрді білмеуден туындайтын жергілікті халықпен жанжалдарды болдырмау. «Біздің ойымызша, ұсынылып отырған бастама дер кезіндегі және Конституциялық реформаға сәйкес келеді» делінген.

Тегтер: қазақ тілі, депутаттық сауал, Азат Перуашев

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

8872 Толғаныс

"Қазақ тілінде сөйлемесе, ол менің балам емес"

7786 Толғаныс

Барым да, бағым да - қазақ тілі

7618 Толғаныс

Кофе және әдебиет 4