Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қазақтың бойтұмары – қазақ тілі

26.4.2017 4231

Ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан, қазақтың бойтұмарына айналған ғажайып дүние бар. Ол – халықтың тілі. Қай халықтың болмасын тіл татулық пен теңдікке, елдік пен егемендікке бастайтын алтын көпір саналған. Сол көпірдің беріктігі, өміршеңдігі – байыпты болашақтың кепілі. Ананың ақ сүтімен дарып, өн бойыңа қуат беретін тілде қандай «сиқыр» бар десеңізші?! Сондай-ақ қазақтың бас ақыны Абайды бала Абай сатысынан дана Абай сатысына көтерген де осы қасиетті бойтұмар екені белгілі. Көңілінде қазақы күй ойнаған, жүрегіне жауһардай жыр орнаған алаш азаматтары тілдің киесін ұғынып, келте құбылыстарға кесек ойлар айта білген. Шахановша ойласақ, әр адамда болуға тиіс төрт ананың қатары да осы тілмен толысып тұр.

ХІХ-ХХ ғасырлардағы ана тілдің тізгінін ұстаған бір топ зиялыларымыз тіл мәселесін көтеріп, алмас қылыштай өткірлігін дәлелдеді. Сонау 60-70 жылдарда «бодандық» қылаң берген тұста көлеңкеде қағажу көрген тілдің жағдайы баршамызға мәлім. Солақай солшыл саясаттың сынына іліксе де, солқылдақ соқпақ жолда адаспай, ұрпағымен қайта табысқан менің тілім - батыр тіл. Көңілге кестелі өрнек салған ақын тіл. Қара қылды қақ жарған наркескендей шешен тіл. Ел бастаған дуалы көсем тіл. Қазіргі таңда өзім деген пендесін өзекке теппей, бойындағы киесімен ұрпақ санасына сіңіп келеді. Мемлекеттік тіл саясаты, елбасы жолдауындағы тіл мәселесіне берілген басымдық – ана тілімізге жаңа леп, ерекше қарқын берді. Қоғамның ілгерілеу тұсында шындыққа мойын бұрып, саясатпен санасатын уақыт жетті. Қазақ тілінде таратылатын отандық бағдарламалар көбейді, басылым беттері жаңалықты жадырай қарсы алып, мемлекеттік тілдің салмағын бағалады. Елбасының: «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген сөзінде ұғынықты ұлағаттың иісі аңқып тұр емес пе? Мемлекеттік құжаттардың қазақ тіліне көшіп, мемлекеттік қызметшілердің ана тілінде сөйлеуі – тіл саясатын жүзеге асыру барысындағы атқарылып жатқан шаралар. Әр облыста құрылған тіл орталықтарының арқалап отырған жүгі өз алдына. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында мемлекеттік тіл мәртебесіне басымдық берілген. Оған: әлемнің ең таңдаулы 10 оқулығы қазақ тілінде жарық көретін болады деген идеясы дәлел бола алады.

Қорыта айтқанда, бабадан балаға енші болып келе жатқан «асылымыз» адамзат атаулыдан адасып қалмай, тарих таразысының басын теңестіре түссін дейміз.

Тегтер: қазақ тілі, халықтың бойтұмары, ата тілі, өз тілім

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

8873 Толғаныс

"Қазақ тілінде сөйлемесе, ол менің балам емес"

7788 Толғаныс

Барым да, бағым да - қазақ тілі

7620 Толғаныс

Кофе және әдебиет 4