Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Тіл – татулық тірегі

2.5.2017 23826

Ұлтаралық достық, этносаралық татулық мәселесін айтқанда, тілді айналып өте алмаймыз. Өйткені тіл - бір-бірімізді түсінісуімізге, тереңірек ұғынуымызға жол ашатыны мәлім.

Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі елімізде барша азаматтар үшін ұлты мен нәсіліне қарамастан темірқазық тілге айналуы керек. Басқаша болуы да мүмкін емес. Олай дейтін себебіміз, мәселен, өркениетті елдердің қай-қайсысына барсаңыз да, мемлекеттік тілдерінің үстем екенін байқайсыз. Сол елдің барлық азаматтары бір тілде сөйлеп, бір тілде тіршілік жасайды. Ал, бірақ ұлттары әртүрлі болуы мүмкін. Демек, мемлекеттік тілдің өзі қоғамды топтастырып, елді біріктірудегі тигізер үлес-салмағы аз емес. Осы тұрғы­дан келгенде мемлекеттік тілді ар­дақтап, құрметтеуді әрбір қоғам мүшесі саналы түрде үйренсе дейсің. Президентіміздің жуыр­дағы мақаласында санамызды өзгерту жайы жақсы айтылды. Сананы өзгертудің бір ұшы мемлекеттік тілге деген оң көзқарас орнықтырып, соған сай әрекет етуге көшуде жатқан жоқ па?!

Еліміздің ұлтаралық саясаты – достыққа, бірлік пен ынты­маққа негізделіп келеді. Бұл дұрыс. Бірлік бар жерде – тірлік бар. Ал енді осы құндылықтар арқылы қоғам мүшелері қазақ тілі­нің дәрежесін арттыруға күш салып, белсенділік танытулары керек-ақ. Бірақ ондай белсенділік әзірге байқал­май келе жатқанын несіне жасы­райық. Бұған қашан және қай уақытта жетеміз? Жету үшін соған деген ниет, ықылас та, ең бастысы қолдау керек. Әрбір азамат мемлекеттік тілді мең­геріп алуды өзі үшін парыз деп білсе және соған мақсатты түрде әрекет жасаса, нәтиже де ойдағыдай болады.

Ашығын айтайық, қазақ тілін үйренуге көбі әлі де сел­қос, немқұрайлы қарап жүр. Ал мем­лекеттік тілге басымдық берген елдің тұтастығы берік болатындығын да ұмытпағанымыз абзал. Елбасымен жүздесуінде жазушы Смағұл Елубай ағамыз жақсы айтты. "Біз қазір біртілді болмауымыздан екіге бөлініп отырмыз" деді жазушы. Шын мәнінде солай. Қазақтілділер бір бөлек, орыстілділер бір бөлек кеңістікте өмір сүруде. Осы мәселені мемлекеттік тіліміздің мүддесіне орайластырып шешетін кез келген сияқты.

Екінші бір мәселе, Кеңестік кезден қалған түсінік пе, біз мемлекеттік тілімізде батыл сөйлеп, кеңінен қолдануды үйрене алмай келеміз. Мұның да өз әсері бар. Көп жағдайда қазақ тілінің мәртебесі биік екені білінбей қалып жатады. Осыны қаперімізден шығармасақ екен. Қоғамның өзі мемлекеттік тілді өркендетіп, туын биікке көтеруге серпіліс жасауы керек.

Тіл – татулық тірегіне айналсын. Бір шаңырақ астында жарасымды тіршілік кешіп жатқан түрлі этнос өкілдері қазақ тілін жаппай меңгеруге күш салса, «бір ұлт – бір ел» ұстанымы жүзеге асқан болар еді.

Тегтер: мемлекеттік тіл, қазақ тілі, тіл - татулық тірегі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

8873 Толғаныс

"Қазақ тілінде сөйлемесе, ол менің балам емес"

7787 Толғаныс

Барым да, бағым да - қазақ тілі

7619 Толғаныс

Кофе және әдебиет 4