Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қазақ тілінің орнына география оқи ма?

7.8.2017 5546

2017-2018 жаңа оқу жылынан бастап 5-7-сыныптарға жаңа бағдарлама енгізілгелі жатыр. Ұстаз ретінде жаңартылған бағдарламаның курсын оқып бітірдім. Методикасында әңгіме жоқ. Баланы еркіндікке тәрбиелейді, неше түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушыны өз ойын ашық айтуға дағдыландыратын тамаша дүние. Бірақ жаңартылған бағдарламаның кітабы мен негізгі өтілетін тақырыптары қазақ тілін жоюдың таптырмас құралы екенін байқадым.

7-сынып «Атамұра» баспасы, қазақ тілі оқулығы.

(Министрдің сайтында халық талқысына жоба ретінде ұсынылған. Мына сілтемеде: http://okulyk-edu.kz/ocenka-kz )

Қазақ тілі кітабында «Ауа райы, климат, атмосфера», «Климат және климаттық аймақтар», «Климаттық өзгерістер» деген тақырыптар жүр. Бұл тақырыптарға арналған мәтіндер мен тапсырмалар да бар.

1. Мәтінді тыңдап, ауа райының біздің өмірімізге тигізетін әсерін талдаңдар.

2. Қазақстанда қандай климаттық аймақтар бар?

3. Шөл даланың негізгі өсімдіктері нелер? Шөл дала аңына немесе жануарына нелер жатады? Кестеге салып толтырыңдар.

Негізгі тақырып «климат», тапсырма «климат», мәтін «климат», сонда қазақ тілі қайда?

Тапсырмаларды қарап отырсақ географияны оқып жатқан сияқтымыз.

Егер мәтін ретінде ғана берілсе немесе қазақ тілінің сөйлеу тілін дамытуға арналған тапсырмалар болса түсінер едім. Қазақ тілі сабағын оқытудағы негізгі мақсат қазақ тілінде сөйлеуге, жазуға үйрету болса, қазақ тілі сабағына климаттың, шөл даланың не екенін сұраудың қажеті бар ма?

Қазақстанның Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мырзадан мынаны сұрағым келеді: «Мен оқушыма қазақ тілін үйретемін бе, әлде шөл даланы аралап зерттеу жасап кетемін бе?»...

Тегтер: қазақ тілі, география, 7-сынып, Атамұра, оқулық, ҚР Білім және ғылым министрлігі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

25299 Тіл райы

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТАРИХЫ. БҮГІНІ. КЕЛЕШЕГІ

21193 Тіл райы

Сіздерде бәрі орысша...

5046 Тіл райы

Семейде қазақ тіліндегі жарнамалардан 70-тен астам қате табылды