Қазақ тілі. Мажар тілділерге арналған оқу құралы
Сипаттама
Бұл тіл оқулығы кириллица жазуын білмейтін, қазақ тілін үйренуді бастаған мажар (венгр) тілділерге арналған. Сонымен қатар қазақшасын нығайтып, әрі қарай дамытқысы келетіндерге де ұсынылады. Кітаптың арқауын қазақ ауызекі тілінің негізгі сөздік қоры мен оның мажарша баламалары құрайды. Оқулықта қазақ грамматикасы мен морфологиясының негіздері септелу, жіктелу, түрлену жолдары мысалдар арқылы талданған. Қазақ және мажар (венгр) тілдерінің фонетикалық және грамматикалық ерекшеліктерін салғастыра талдауға ден қойған. Қазақ фонетикасының ерекшеліктері мен дыбысталу дағдысына екі сабақ арналған. Оқулықтағы жаттығулар мен диалогтер өзара логикалық ретпен грамматикалық ережелерді үйренуге, жаттығуға, қазақша мәтіндерді өңдеуге және сөйлеу дағдыларын біртіндеп жетілдіруге жетелейді. Грамматикалық ережелерді түсінуге және қолданылуын игеруге түрлі сипаттағы иллюстрациялық мәтіндер олардың мажарша тәржімасы көмектеседі. Оқулықты дайындауда шет тілді оқытудағы кейбір соны тәсілдер ескерілген және мажартілді қолданушының қолайына икемделген. Түрлі тақырыптық блоктарда елтаным, қазақ ғұрып-дәстүріне қатысты