Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Павлодарда мемлекеттік тіл жайы талқыланады

4.10.2017 2974

Орыстілді азаматтарға мемлекеттік тілді насихаттауға арналған "Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде" дәстүрлі шарасы 9-13 қазан аралығында Павлодар облысында өтеді. Аталмыш жобаны Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті ұйымдастыруда.

Басқосу барысында орыстілді азаматтар арасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, қоғамдық орындарда, жас ұрпақ тәрбиесінде, ғылым-білім, жаңа технология саласында қазақ тілінің қолданылым аясын кеңейту, Қазақстандағы этностардың ынтымақ-бірлігінің негізі саналатын мемлекеттік тіл статусын көтеру, қазақ тілін латын қарпіне көшірудің маңыздылығы мен идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекендердің, көшелердің тарихи атауларын қайтару, сонымен қатар жер-су атауларына ұлттық танымға жақын дәстүрлі атауларды беру турасында сөз қозғалып, тұшымды ой-пікірлер айтылады.

Жұмыс тобының құрамында Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, саясаткер, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Дос Көшім, саясаттанушы Расул Жұмалы, Павлодар облысы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сауле Османова, «Ертіс дидары» Павлодар облыстық газетінің редакторы, Павлодар облысы Жазушылар одағы филиалының директоры Арман Қани бар. Жиынға зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, орыстілді азаматтар мен жұмысшы жастар, жоғары оқу орындарының, колледждердің студенттері қатысады.

Байланыс телефоны: 8(7172) 40-83-97

Тегтер: Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде, Павлодар, Дос Көшім, қазақ тілі
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ