Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

А.Сейдімбеков атындағы жас ақындар мен жазушылар әдеби-шығармашылық байқауының жүлдегерлері марапатталды

6.10.2017 3774
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 29 қыркүйегінде Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде «Рухани жаңғыру» Бағдарламасының «Рухани қазына» бағыты аясында, Алаш қозғалысының 100 жылдығына және көрнекті этнограф, жазушы, публицист, әдебиеттанушы Ақселеу Сейдімбековтің туғанына 75 жыл толуына орай Ақселеу Сейдімбеков атындағы жас ақындар мен жазушылардың, көсемсөз шеберлерінің (қазақ және орыстілді) облыстық әдеби-шығармашылық байқауынының жүлдегерлерін марапаттау шарасы өтті.

Аталған байқаудың қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті өкілі Ақселеу Сланұлы Сейдімбековтің ұлттық болмыс мәселелеріне арналған өлшеусіз еңбегін насихаттау, өзіндік жазу өрнегі бар жас ақындар мен жазушыларды, көсемсөз шеберлерін анықтау, шығармашылығымен танылып жүрген жастарға қолдау көрсету тұрғысындағы маңызы зор.

Осымен төртінші рет ұйымдастырлып отырған байқауға жалпы саны 200-ден аса автордан 800-ге жуық шығарма келіп түсті. Биыл Қарағанды облысының Қарағанды, Балқаш, Сәтбаев қалаларынан, Абай, Жаңаарқа, Бұқар жырау, Ақтоғай, Осакаров, Шет аудандарынан және Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дан, ҚарМТУ-дан, «Болашақ» академиясынан, Қарағанды гуманитарлық колледжінен студенттер, оқушылар, журналистер, мұғалімдер, мемлекеттік қызметшілер, мәдениет қызметкерлері т.б. сала өкілдері - 16 мен 35 жас аралығындағы барлығы 56 үміткер ұлы дала тарихы мен мәдениеті, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық болмыс мәселелеріне арналған поэзия, проза, көсемсөз жанрларында шығармаларын тапсырды. Бұл тұрғыда байқауға қызығушылық танытып, қатысушылар саны жыл өткен сайын артып келеді.

Ақтық сында әділқазы мүшелері әрбір автордың сөз саптау мәнері, ұсынылған шығармалар тақырыбының байқау мақсатына сәйкестігіне, шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына, туындының көркемдік сапасына назар аударып, төмендегі жүлделі орын иегерлерін анықтады:

Бас жүлде – Аманжол Дулат Жалғаспайұлы - Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінің инспекторы;

Поэзия жанры бойынша:

І орын – Рахымжанова Айзада Бүркітқызы – Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің оқытушысы;

ІІ орын – Нарынов Ерік Сейсенұлы – Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультетінің 4-курс студенті;

ІІІ орын – Строкова Анна Валерьевна – «Индустриальная Караганда» облыстық газетінің тілшісі;

Проза жанры бойынша:

І орын – Ермағамбетов Ерзат Молдабекұлы – Қарағанды облыстық жастар ресурстық орталығының ақпараттық қызмет көрсету инспекторы;

ІІ орын – Қарабаева Әйгерім Сембайқызы –Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультетінің 4-курс студенті;

ІІІ орын – Ерғали Гүлден Батырланқызы – Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультетінің 4-курс студенті;

Көсемсөз (публицистика) жанры бойынша:

І орын – Кәрімов Нұрдос Маратұлы – «Орталық Қазақстан» облыстық газетінің тілшісі;

ІІ орын – Монайұлы Құлынтай – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының оқытушысы;

ІІІ орын – Ақаева Нәзира Төлеуханқызы – Жаңаарқа ауданы Бидайық жалпы орта білім беру мектебінің тәлімгері.

Бұдан бөлек «Qasym.kz» ақпарат агенттігінің бас редакторы Қалқаман Нұрлыхан Қалқаманұлы Ақселеу Сейдімбековтің туыстары тағайындаған арнайы жүлдеге, ал Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, филология факультетінің 4-курс студенті Әйткен Жоламан Төлеутайұлы Қазақстан Жазушылар одағының арнайы дипломына ие болды.

Жеңімпаз бен жүлдегерлер дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Ауқымды мәдени-көпшілік іс-шараға белгілі жазушы Төлен Әбдік, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай, тарих ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Қойшығара Салғараұлы секілді бірқатар елге танымал тұлғалар құрметті қонақ ретінде қатысты.

Тегтер: Ақселеу Сейдімбек, жастар, ақын, жазушы, көсемсөз, байқау
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ