Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Ақтауда «Қазақ әліпбиін латын әріптерімен таңбалаудағы ерекшеліктер» атты конференция өтті

13.10.2017 3099
Ақтау қаласында «Қазақ әліпбиін латын әріптерімен таңбалаудағы ерекшеліктер» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Республика бойынша алғашқылардың бірі болып ұйымдастырылған жиынға Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжанов, Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Ғ.Мелдешов, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, Ұлттық комиссия төрағасы Е.Қажыбек және тіл тізгінін ұстаған білікті мамандар мен жергілікті зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жиынға қатысушылар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ұсынылған латын әліпбиінің жаңа нұсқасын кеңінен талқылап, жобаға қатысты өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, Түркия, Әзербайжаннан арнайы шақырылған ғалымдар латын әліпбиіне көшудің артықшылықтары мен тиімді тұстарына тоқталып, тәжірибелерімен бөлісті. Себебі, аталмыш қос мемлекет түркітілдес елдерінің арасында алғашқы болып әріп ауыстырғандардың қатарында. Сондай-ақ, алқалы жиында филология ғылымдарының докторы Құралай Күдеринова «Жаңа қазақ әліпбиі – ұлттық стартегиялық мақсат» атты ғылыми баяндамасын оқыды.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшу мәселесін кеңінен насихаттау, оның маңыздылығын жеткізу, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жайы талқыланды. Конференцияда сөз алған Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов «Латын әліпбиіне көшу – мемлекеттік маңызды іс, ұлттық мүддеге арналған бағдарлама. Негізгі меже – Мәңгілік ел. Елбасы Н. Ә.Назарбаев 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Халқына Жолдауында: «... Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік Тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн», деп Жолдауында айтқандай, әліпбиді өзгерту Мәңгілік Елдің Мәңгілік тілі үшін қажет. Көздеген мақсатқа жетудің жолы – осы», деді.

Тегтер: латын әліпбиі, латын алфавиті, таңба, қазақ тілі
Авторы: Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ