Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Ілеспе аудармашыларға арналған шеберлік сабағы өтті

20.10.2017 2238

Ілеспе аударма тілдің деңгейін өсіріп, танымалдылығын арттырады. Сол себепті де ол әлемнің барлық елдерінде қарқынды дамып жатыр. Біздің елімізде де қазақ тіліндегі ілеспе аударма мәселесіне мемлекеттік деңгейде назар аударылып, оның өзекті мәселелеріне көңіл бөлініп келеді.

Осыған орай, ілеспе аударманың қолданысын кеңейту аясында Астана қаласында аударма саласындағы мамандар жергілікті аудармашылардың біліктілігін арттыру және ілеспе аударма ісінің тәсілдерін жетілдіру мақсатында қазақша-орысша, орысша-қазақша ілеспе аударма жүргізуді үйретудің шеберлік сабағын өткізді.

Аталған шара Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасынжүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Шеберлік сабағын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің мемлекеттік тапсырмасы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.

Бес күнге созылған шара барысында белгілі аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Камал Әлпейісовағалым аудармашыларға, сала мамандарына, министрліктер мен әкімдіктердің, облыстық, қалалық тілдерді дамыту басқармаларының аудармашы мамандарына дәріс оқыды. Аударма теориясы, жазбаша және ауызша аударманың ерекшеліктеріне тоқталды. Сондай-ақ ілеспе аудармашыға базалық грамматикалық және фразеологиялық модельдерді, сөздік қорды байыту ауадай қажет екендігін айтты. Дәріс барысында практикалық жұмыстар жасалып, аудармашылар өзара тәжірибелерімен алмасты. Жалпы шеберлік сабағы сала мамандарының көңілдерінен шығып, ризашылықтарын білдірді.

- Мен ілеспе аудармашымын. Бұл мамандықтың қаншалықты күрделі, оны меңгерудің қаншалықты қиын екендігін осы саладағы аудармашылар біледі. Мысалы, бір сөздің баламасын лезде таба қою оңай нәрсе емес. Ал сондай кезде аудармашы бәріне дайын болуы керек. Бұл үшін өмірлік тәжірибе, үнемі жаттығу мен ізденіс қажет.Осы орайдакөптеген практикалық жұмыстар жасалып, білімімізді шындадық. Аудармашыларға арналған шеберлік сабағы үнемі өткізілсе екен.Себебі қазіргі таңда ілеспе аудармаға сұраныс та, талап та көп, - деді «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингінің аудармашысы Мұрат Хасенов.

Шара соңында дәріс қатысушыларына біліктілік сертификаттары табысталды.

Тегтер: аударма, ілеспе аударма, шеберлік сабақ, мемлекеттік бағдарлама
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ