Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

"Мемлекеттік тіл мемлекеттік қызметте" байқауы өтті

27.10.2017 3451
​Жуырда Тараз қаласында республикалық «Мемлекеттік тіл мемлекеттік қызметте» атты байқау өтті. Мемлекеттік қызметте қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мұрындық болды.

Мемлекеттік қызметшілердің қазақ тіліне деген оң көзқарасын қалыптастырып, құжат тілінің мемлекеттік тілге көшуіне, қызметтердің қазақ тілінде көрсетілуіне жағдай жасайтын байқауға ел аумағынан 13 команда қатысты. Олар байқау шартына сай 4 кезең бойынша білімдері мен біліктіліктерін көрсетті.

Аймақтық іріктеуден өткен командаларға қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы Әбдіжәлел Бәкір (төраға), Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Түркітану» ғылыми-зерттеу орталығының бас маманы, филология ғылымдарының докторы, профессор Қасиет Какенұлы, Қазақ ұлттық салт-дәстүрлері академиясының профессоры, композитор Кентау Қуантайұлы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының аға оқытушысы Ләззат Пернебекқызы, Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты Бижомарт Сейсенбекұлы қазылық етті.

Сайыс қорытындысы бойынша Алматы қаласының құрамасы "Алатау" жеңімпаз атанды. Жүлделі 1-орын Жамбыл облысының "Прагматиктер" командасына бұйырды. Ал 2-орынды ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің "Үш бақытым" командасы еншілесе, 3-орынды "ЭКСПО" (Алматы облысы), "15-ші өңір" (СҚО) командалары өзара бөлісті. Жеңімпаз бен жүлдегер командаларға арнайы диплом мен қомақты қаржылай сыйлық табысталды.


Тегтер: мемлекеттік тіл, мемлекеттік қызмет, Тараз, байқау
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ