Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Н. Назарбаев: қазақ тілінде «ч», «щ», «я» әріптері жоқ

1.12.2017 3272

Бүгін Астанада «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына енген 102 жеңімпазбен кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев латын әліпбиіне не үшін көшетіндігімізді түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кириллицаның бірнеше әрпі қазақ лексикасына мүлдем қатыспайды. Қазақ тілінде «ь», «ъ» белгілері, «ч», «щ», «я» әріптері жоқ. Японды біз жапон дейміз. Соның барлығы біздің тілімізді, жазуымызды, жұрттың оқуын қиындатты. Мұның барлығы ең негізгі емес те шығар. Ең негізгісі, мына заманмен, болашақпен бірге болу үшін ол бізге керек. Латын әліпбиіне көшу арқылы біздің барлығымыз да ақпараттың дамып келе жатқан кеңістігіне енетін боламыз. Бұған дейін айтқанымдай, интернет тілі – бұл ғылым мен мәдениет тілі. Біз бұл бағытта ілгерілеп те келеміз. Мен аталған әліпби туралы Жарлық та шығардым, оны өздеріңізде білесіздер», – деді Елбасы кездесу барысында.

ҚР Президенті гуманитарлық білім беру мәселесіне де кеңінен тоқталды және гуманитарлық саладағы 18 кітаптың қазақ тіліне аударылып жатқанын және оны мектептер де, университет студентері де оқитындығын баса айтты.

Тегтер: Елбасы, Н.Назарбаев, латын әліпбиі, қазақ әліпбиі
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ