Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Ұлттық комиссия отырысы өтті

7.12.2017 2572
Үкімет үйінде премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Отырыс барысында Ұлт­тық комис­сияның алдыңғы оты­рысының қорытын­дысы бойынша құрылған төрт ар­найы жұмыс тобының құрамы мен жұ­мыстарының жос­пары талқыланып, бекі­тілді. Атап айтқанда, орфо­графиялық, әдістемелік, тер­ми­нологиялық және сарап­тамалық-техникалық жұмыс топтары құрылды, олар латын графикасын білім жүйесіне біртіндеп енгізудің ереже­лері мен әдістерін әзірлейді, тілдің термин­дік қорын жүйелейді, сондай-ақ латын гра­фикасын АТ-технологияларға және ақпа­раттық кеңістікке бейім­деу­мен айналысады. Бұдан өзге, Мәдениет және спорт минис­тр­лігі жанындағы ғылы­ми-әдістемелік орта­лықты құру мүмкіндігі қарасты­рылды.

Ұлттық комиссия жұмы­сы­ның бағыттары бойын­ша «Нұр Отан» партиясы Төр­ағасының бірінші орын­басары М.Құл-Мұхам­мед, Қазақстан халқы Ас­самб­леясы Төрағасының орын­басары – Президент Әкім­шілігі Қазақстан халқы Ассам­блеясы хатшылығының мең­герушісі Д.Мыңбай, Пар­ламент Мәжі­лісінің депутаты Б.Мамыраев, Мәдениет жә­не спорт министрі А.Мұ­ха­медиұлы, Білім және ғы­лым министрі Е.Сағадиев, Ақ­парат және коммуникациялар министрі Д.Абаев, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білі­мі институтының ди­ректоры Е.Қа­жы­бек, Тіл білімі институтының тіл мәде­ниеті бөлімінің мең­ге­рушісі Н.Әміржа­нова, А.Бай­тұрсынов атындағы Тіл білімі инсти­тутының бас ғылыми қызметкері Ж.Әлім­хан, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Кә­сіп­­о­­дақтар Феде­рациясы төр­ағасының кеңес­­шісі Е.Са­йыров және т.б. сөз сөйледі.

Еске сала кетейік, Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия – биыл қараша айын­да құрылған Үкімет жа­нын­дағы сабағаттық-кеңесші орган.

Премьер-министр Б.Са­ғын­таевтың төраға­лығымен комиссия құрамына: төраға орынбасары – премьер-ми­нистр­дің орынбасары Е.До­саев, сондай-ақ Пре­зи­дент Әкімшілігінің, «Нұр Отан» партия­сының өкіл­дері, Парламент депутаттары, ЖОО өкілдері, танымал ғалымдар және қоғам қайраткерлері кірді.

Шаралар жоспарына сәйкес, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру жос­парланған. Бірінші кезең 2018-2020 жылдарды, екінші кезең – 2021-2023 жылдарды, үшіншісі 2024-2025 жылдарды қамтиды.

Тегтер: Үкімет үйі, премьер-министр, қазақ әліпбиі, латын графикасы
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ