Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​"Тіл – тәуелсіздік тірегі" тақырыбында дөңгелек үстел өтті

12.12.2017 4031
Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тіл – тәуелсіздік тірегі» атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел отырысына облыстың этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Павлодар облыстық филиалының мүшелері, тіл жанашырлары, мемлекеттік тілді жетік меңгерген облыстың этнос жастары, сондай-ақ республикалық конкурстардың жеңімпаздары шақырылды.

Отырыс барысында мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың, мемлекеттік тіл мен этнос тілдерін дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Аталған шарада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Павлодар облыстық филиалының төрағасы С.Әйтенов, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» республикалық жобасының жеңімпазы А. Лодочников, жастар бастамаларын дамыту орталығының өкілі, жас ақын Е. Әміренов баяндама жасады. Сонымен қатар «Қазақстан.Тәуелсіздік хроникасы» бейнебаяны көрсетілді.

Шара қатысушыларын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаған облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы С. Османова: «Тәуелсіздік жылдар ішіндегі ең басты жетістігіміз халқымыздың келісімі мен бейбітшілігі болып табылады. Мемлекетіміздің салмақты саясаты арқасында барлық қазақстандықтар өз тілдерінде сөйлеп, мәдениеті мен дәстүрін сақтауда» - деп түйіндеді өз сөзін.

Шара соңында мемлекеттік тілде жазылған диктант қорытындысы жарияланып, үздіктер мен республикалық конкурстардың жеңімпаздары алғысхаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.


Тегтер: Павлодар, рухани жаңғыру, дөңгелек үстел, тәуелсіздік
Авторы: Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ