Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қостанай облысында латын әліпбиі оқытылады

19.2.2018 2857
Әулиекөл ауданына қарасты Москолев ауылында мешітте Жұма намазын оқыған жамағат бірден тарап кетпейді. Тілек білдірушілер мешітте қалып, латын харпімен жазылатын жаңа әліпбиді үйренеді. Сабақты ауыл ақсақалы, білім саласының ардагері Көкенаки Әбілдин өткізеді.

«Әуелде 12 адам латын әліпбиін үйренейік деп тілек білдірген еді. Оның қатары біртіндеп көбейе берді. Қазір Жұма намазына келген ауылдастардың қатарын мектеп оқушылары мен мұғалімдері де толықтырып жатыр» дейді Көкенаки ақсақал.

Латын харпіндегі әліпбиді үйренуге себеп болған да Көкенаки ақсақалдың өзі екен. Ол аудандық газетке латын харпімен мақала жазады. Оны оқыған ауылдастар кібіртіктеп, барлығын жете түсіне алмапты. Содан Жұма намазына жиналғанда мақалада не жазылғанын сұрайды. Сол әңгіменің аяғы «латын харпіндегі әліпбиді үйретіңіз» деген ұсыныспен аяқталады.

«Маған латын харпін үйренудің, осы әліпбимен жазудың ешқандай қиындығы болған жоқ. Мен ертеде неміс тілін оқығанмын, барлығы ұқсас, негізі латын харпі ғой. Ал ағылшын тілін оқып жүрген балалар тіпті лезде үйреніп алды» дейді Көкенаки ақсақал.

Көкенаки Әбілдин өмір бойы мектепте қызмет істеді. Мектептерді басқарды. Жетпіс бестегі ақсақал ауылдастарына латын харпіндегі әліпбиді бар ықыласпен үйретіп жүр.

Тегтер: Латын графикасы, латын әліпбиі, әліпби, Қостанай
Авторы: Нәзира Жәрімбет, «Егемен Қазақстан» Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ