Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Әліпбимен қазақ тілінің мамандары айналысуы керек

20.2.2018 2965
«Латын әліпбиіне көшетін уақыт келді», деген пікір білдірді бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков.

«Алдымен қазақ тіліне негізделген латын әліпбиі Парламенттің төрінде талқыланды. Оны жұрт қолдады. Көп болып ақылдасқан істің түбі баянды. Дегенмен, оның да көптеген кемшілігі болған еді. Халық оны демократиялық үрдіспен кеңінен талқылады. Содан мамандар әліпбиді қайтадан қарады», - деді ол.

Мырзатай Жолдасбеков қазақ тілінің маманы болғанымен бұл іспен өмір бойы айналыспағандығын атап өтті.

«Бұл әліпбимен қазақ тілінің мамандары айналысуы керек. Бұл мамандар шешетін мәселе... Елбасы мүмкіндік жасап, халықпен талқылады. Нәтижесінде өткен жылдың қазанында бұл әліпби бекітілді. Дегенмен оның да кемшіліктері болды. Ноқаты көбейіп кетті. Тіпті кейде бір сөздің өзінде 7 ноқат пайда болды. Бұл мәселе талқыланды. Мамандар мәселеге араласып, кеше ғана Елбасының 2017 жылы 26 қазанда шыққан Жарлығына қосымша Жарлық жарияланды. Халқымыздың ұстанатын латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі пайда болды», - деді қоғам қайраткері.

Тегтер: Мырзатай Жолдасбеков, қазақ тілі, латын әліпбиі, қазақ
Авторы: "Егемен Қазақстан" газеті

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ