Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Бүгіннен бастап аты-жөнімді латын графикасында жазамын

21.2.2018 2415
Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі, академик Ғарифолла Есім бүгіннен бастап аты-жөнін латын әліпбиімен жаза бастайтындығын айтты.

«Кез келген істің өзіндік бейімделу процесі болады. Мәселен, мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде бүгіннен бастап тегімді, әкемнің атын, өз атымды, жақын адамдарды латын графикасында жазуды қарқынды түрде бастамақпын. Өйткені, бейімделу деген дәл осылай басталады. Сіздерге де соған кеңес беремін. Кез келген ұйым, кез келген адам бейімделе бастауы қажет», - деді ол.

Осы ретте академик құжаттамаларды да біртіндеп бейімдей бастау дұрыс боларын баса айтты.

«Онда тұрған қандай қиындық бар? Бұл әріптердің барлығы белгіленген, баршамызға аян. Мен өзім неміс, ағылшын тілдерін оқығанмын. Бұл топтағы тілдердің барлығы маған, ал жастарға тіпті белгілі. Жастар, сіздер бір-бірлеріңізге латын әліпбиінде жазасыздар ғой, солай емес пе? Солай. Ендеше сіздерге бұл еш қиындық тудырмайды. Бейімделу қажет, безінудің реті жоқ, дағдылану керек», - деді Ғарифолла Есім.

Тегтер: Ғарифолла Есім, "Егемен Қазақстан", латын әліпбиі, қазақ тілі
Авторы: Ғарифолла Есім, "Егемен Қазақстан" газеті,

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ