Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің ғылыми және ұйымдас­тыру­шылық негіз­дері» атты семинар-кеңес өтті

28.3.2018 2411
Талдықорған қаласындағы «Тіл сарайында» «Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің ғылыми және ұйымдас­тыру­шылық негіз­дері» атты семинар-кеңес өтті. Елбасының «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақала­сындағы қазақ әліпбиін латын графи­ка­сына көшіру тапсырмасын жұртшылыққа түсіндіріп, таныстыру мақсатында ұйымдастырылған шараға Ахмет Байтұрсынұлы атын­дағы Тіл білімі институтының ғалымдары, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемле­кеттік университетінің оқытушылары, жер­гі­лікті атқарушы орган жетекшілері қатысты.

Семинар-кеңес жұмысын Алматы облысының тілдерді да­мыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев «Жаңа әліпби – жаңа дәуір бастауы» тақырыбындағы баяндамасымен ашты. Ол өз сөзінде облыста арнайы жұмыс тобы құрылып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқандығына тоқталды.

- Ақпарат­тық-түсіндіру жұ­мыстары облыстағы барлық аудан, қала­ларды қамтып, 70 елді­мекенде арнайы шара өткізіліп, оған 12 мыңнан аса адам қатысты. Қазақ әліпбиін латын графикасына негізделген жаңа қаріпке көшіру бойынша түрлі тақырыпта дөңгелек үстел, конференция, кездесу, пікір алмасу, ақпараттық сағат, форум, дебат, акция, семинар, брифингтер өткізілді. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады,- деді Айдар Башбаев.

– Латын әліпбиіне көшу – ұлттық бол­мысымызға оралу деп түсіну керек. Елба­сы­мыздың өзі мұны рухани жаңғыру­дың бірінші әрі басты шарасы ретінде қарас­тырып отыр. Себебі, әліпбиді реформалау арқылы біз тіліміздегі ұлттық нақышты, ұлттық жүйені сақтай аламыз. Ұлттық жүйе сақталатын болса, онда миымыздағы дүниені танитын ұлттық нейрондарымыз жұмыс жасайды, – дейді Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директоры­ның орын­­басары Анар Фазылжанова.

Сондай-ақ ол осы реформа туралы қоғамда сан түрлі пікірлердің айтылып жүргеніне де тоқтал­ды.

Семинарда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының дирек­торы Ерден Қажыбек, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік универси­те­тінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедра­сының меңгерушісі, философия докторы Айна Рахимова, облыстық білім бас­қармасының бас маманы Роза Тұрған­баева баяндама жасап, өз ойлары­мен бөлісті.

Жиынды қорытындылаған облыстық тіл басқармасының басшысы Айдар Карбозұлы латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының өркениет көшіне табысты ілесуіне, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлес қосатындығын айтты.


Тегтер: Алматы, талдықорған, латын, Тіл сарайы, Ерден Қажыбек
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ