Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Ұлттық комиссия жанынан құрылған төрт жұмыс тобының жоспары таныстырылады

10.4.2018 2388

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығымен бірлесіп ағымдағы жылдың 13 сәуірінде Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада «Рухани жаңғыру: жаңа қазақ әліпбиі және мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысы» атты семинар-кеңес өткізеді.

Семинар-кеңесте Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысы сөз болады. Мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру және стандарттау, лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу, ағылшын және басқа да шет тілдерін оқыту жайы талқыланады. Жасалған жұмыстардың нәтижесі нақтыланып, атқарылар істердің жүйесі жоспарланады.

Сондай-ақ жаңа қазақ әліпбиін енгізуді ұйымдастырудың теориялық және ғылыми-практикалық мәселелері көтеріледі. Ұлттық комиссия жанынан құрылған төрт бағыттағы (орфографиялық, әдістемелік, терминологиялық, техникалық және ақпараттық сүйемелдеу) жұмыс тобының жұмыс жоспары таныстырылып, бүгінге дейін атқарылған шараның есебі беріледі.

Аталған шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің мамандары, филолог-ғалымдар, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысады.

Тегтер: Мәдениет және спорт министрлігі, Рухани жаңғыру, латын әліпбиі, мемлекеттік бағдарлама
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ