Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Семейден бастау алған «Latyn - құнды мұра» ретро-көрмесі ел аралап қайтты

19.4.2018 2471
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысының Жезкент кенті өңіріне Семейдегі облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана ұжымы арнайы іссапармен барып қайтты.

Кітапхананың сирек қорындағы ХХ ғасырдың басында жарық көрген «Латын қарпіндегі басылымдар» көрмесі жезкенттік тұрғындардың назарына ұсынылып еді, бірден олардың қызығушылығына ие болды.

- Көрмеде кітапханамыздың сирек қорындағы 1929-1940 жылдардағы латын графикасындағы кітаптар мен олардың авторлары туралы мәліметтер орын алды. Осыған байланысты қызықты ақпараттармен тұрғындарды да таныстырып өттік,- деді Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапхана директорының орынбасары Гүлмира Фатихқызы.

Латын қарпіндегі сирек кітаптарда қазақ елінің сол тарихи кезеңдегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік өмірінен ақпарат беретін ұлт зиялыларының зерттеулері, ғылыми еңбектері қамтылған. Ғылым салаларындағы әдебиеттерге келсек, Қ.Басымұлының, Қ.Жұбановтың, Т.Шонановтың, Ұ.Құлымбетовтың, Т.Арыстанбековтың, А.Маметовтың, А.Сейітовтың, Ә.Ермековтың, Х.Есенбайұлының, М.Әуезовтың еңбектерін оқуға болады.

Сондай-ақ, кітапхана қызметкерлері шара қонақтарына латын қарпіндегі кітаптарды QR-код арқылы өздерінің смартфондары мен планшеттеріне электрондық нұсқасын көшіріп алу жолдарын көрсетті. Жезкент тұрғындарының ризашылығына ие болды. Кезіңде мұғалім болған зейнеткер, біздің кітапханамыздың байырғы оқырмандары Валентина Кузьмичнина және Екатерина Александровна осындай мәнді де мағыналы кітап көрмесі үшін рахметтерін айтып, алдағы уақытта да осындай көрмемен келіп тұруларын өтінді. Осылайша кітапхана ұжымы Жезкент тұрғындарының ризашылығына ие болып қайтты.

Тегтер: латын, көрме, Семей, кітапхана
Авторы: Раушан Нұғманбекова, Семей, "Егемен Қазақстан"

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ