Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Қаламгерлер жетісудың тарихи-мәдени нысандарын аралады

24.4.2018 1686
Жас әдебиетшілер форумының делегаттары Қарасай жеріндегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында пайдалануға берілген тарихи-мәдени өлкетану нысандарын аралады.

Әдебиетшілер алдымен Елбасының кіндік қаны тамған жер - Шамалған ауылындағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Атамекен» тарихи мəдени орталығына бас сұқты.

Өскелең ұрпаққа өнеге берер маңызды орынмен танысу барысында қонақтарды Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметінің, Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдеріне сәйкес хронологиялық ретпен орналастырылған экспонаттар тәнті етті. Делегаттар сөзінше, бұл мәдени орын Қазақстанның ХХ және ХХІ ғасырлар шеңберінде халықаралық беделінің нығаюындағы Елбасының ауқымды үлесін, рөлі мен еңбегін көзбе-көз бағалау мүмкіндігін тудырды.

***

Қаламгерлер Қарасай ауданындағы «Батыр бабалар» мемориалы мен «Анаға құрмет», Қарасай ауданының тарихи өлкетану мұражайларында да болып, тарихтан сыр шертетін бай мұралармен танысты. Мемлекет бас­шысы атап өткендей, ел тарихын, батыр бабаларымыздың есімін жадымызда сақтап, жастарға үлгі ете білу ертеңіміз үшін өте маңызды. Мемориалды кешенмен танысуда олар бұл орынның да өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудегі алар орнының ерекше екендігін айтты.

Түс ауа форум делегаттары Кербұлақ ауданында орын тепкен Ш. Уәлихановмұражайының жұмысымен танысып, тұлғаға сай тұрғызылған ескерткішке тағзым етті.

***

Қарасай елдімекеніндегі тарихи-мәдени өлкетану нысандарын аралаған жас әдебиетшілер форумының делегаттары түс ауа Күреңбел елдімекенінеат басын бұрды.

Қазақтан шыққан тұңғыш этнограф-ғалым Шоқан Уәлихановтың жамбасы жерге тиген өлкеде болып, жас саяхатшының өмірі мен шығармашылығынан, Құлжа мен Қашқариядағысапарларынан сыр шертер рухани шаңырақты аралады. Мұнан кейін қонақтар қазақтың жарық жұлдызы болған аяулы перзентінің ескерткішіне тағзым етті.

Ата кетейік, Кербұлақ ауданында орналасқанШоқан Уәлиханов мұражайы 1985 жылы ашылған. Әлемнің жетіғажайыбының бірі болып саналады. Мұражайда 700-ге жуық экспонат бар.

Тегтер: мұражай, музей, Елбасы, Атамекен, Ш.Уалиханов
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ