Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Челябі облысында Наурыз мейрамы тойланды

26.4.2018 2357
​Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының Қостанай филиалының төрайымы, Егемен Қазақстан республикалық газетінің меншікті тілшісі Н.Жәрімбетова мен Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Б.Сүлейменова Ресей Федерациясының Челябі облысында тұрып жатқан қазақтардың Наурыз мерекесіне қатысып келді.

Ауқымды шараны Челябі облысының Мәдениет министрлігі, Достық үйі және «Жақсылық» қазақ ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Мерекелік басқосу Челябі қаласындағы ЧТЗ театрында өтті, оған мыңнан астам адам қатысты.

Ісшараға РФ Челябі облысының Мәдениет министрінің орынбасары И.Анфалова-Шишкина, Челябі облысы Үкіметінің қоғамдық байланыс басқармасы басшысының орынбасары – И.Аносов, Ресей Федерациясының мемлекеттік Думасы депутатының көмекшісі В.Бурматов, Челябі облысы бойынша Башкортостан Республиксының өкілі А.Хабибуллин, Челябі облысы бойынша халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары- С.Бредихин, Исмагилаг Мешітінің имамы қатысып, құттықау сөздерін айтты.

Жалпы Челябі облысында 132 ұлттың өкілдері шоғырланған, 155 ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктері қызмет етеді. Челябі облысында 40 мыңға жуық қазақтар тұрады.

Наурыз мейрамын Челябі облысында тұрып жатқан түркі халықтарының өкілдерімен бірге Нагайбакский, Кунашакский, Магнитогорск, Челябинск, Агаповский, Верхний Уфалей, Аргаяшский, Чебаркульский, Ашинский, Карталинский, Пластовский, Чесменский, Златоуст, Копейск, Сосновский 15 муниципалды аудандары мен қалаларынан қандастарымыз келіп қатысып, халқымыздың салт-дәстүрін, өнерін көрсетті.

«Жақсылық» қазақ ұлттық-мәдени бірлестігі облыста тұратын қандастарымыздың ана тіліміз бен ұлттық дәстүрлерімізді ұмытпауы үшін жыл бойына жұмыс жүргізіп тұрады.

Челябіде өткен Наурыз мерекесіне башқұрт, татар, азербайжан секілді халықтармен қатар қазақтар да белсене қатысады. Олар әкелген ұлттық тағамның түр-түрі өзгелердің де назарын аударды.

Наурыз мерекесі Челябі облысындағы қазақтар тұрып жатқан аудандардағы елді мекендерде де өткізілді. Троицк ауданындағы Санарка селосында Наурыз мейрамын өткізді. Оған қандастарымыз Троицк, Чесма аудандары мен Пласт қаласынан келіп, халықтың дәстүрі мен өнерін көрсетті.



Тегтер: Наурыз, Челябі облысы, Достық үйі, мереке
Авторы: "Тіл әлемі", Челябі-Троицк-Қостанай

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ