Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

"​Қызмет көрсету жүйесіндегі мемлекеттік тілдің маңыздылығы" атты семинар өтті

26.4.2018 2601

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде 2018 жылғы 25 сәуірде облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастамасымен Павлодар қаласындағы қызмет көрсету салаларының басшыларымен және қызметкерлерімен, құзырлы орган өкілдерінің қатысуымен «Қызмет көрсету жүйесіндегі мемлекеттік тілдің маңыздылығы» атты семинар өтті.

Мемлекетіміздің тіл саясатындағы басты бағытын берік ұстану, мемлекеттік тілде қызмет көрсетудің сапасын арттыру, оның қолданыс аясын кеңейту, сондай-ақ латын графикасына кезең-кезеңімен көшу мәселелерін талқылау семинардың негізгі мақсатына айналды.

Семинарға құзырлы органдардың (әділет, прокуратура, мемлекеттік кірістер департаменті), Павлодар облысы бойынша Банк филиалдарының,Павлодар қаласы бойынша ломбард мекемелерінің, ірі сауда орталықтарының, қонақүй кешендерінің және «Қазпошта» АҚ-ның, халыққа қызмет көрсету орталығының, Павлодар қаласындағы трамвай және автопарк, автобекет мекемелерінің, «Қазақтелеком» АҚ-ның өкілдері және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Семинар барысында жеке кәсіпкерлер мен қызмет көрсету салаларының иелері Елбасының Жолдауына сәйкес мемлекеттік тілді заманға сай жетілдіру, тіл саясатын сауатты жүргізу, мемлекеттік тілдің барлық салада белсенді қолданылуы тиіс екендігі жөнінде ақпарат алып, Қазақстан Республикасы Заңнамаларының талаптарына байланысты туындаған мәселелеріне құзырлы орган өкілдерінен тиісті сұрақтарына жауап алды.

Тегтер: Павлодар, семинар, мемлекеттік тіл, қызмет көрсету
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ