Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​«Текті сөздің төресі - терме» облыстық байқауы өтті

27.4.2018 3231
Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы «Абсадықов» жеке кәсіпкермен бірлесе отырып «Текті сөздің төресі - терме» атты облыстық байқау өткізді.

Аталған байқаудың негізгі мақсаты - халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, дамып, ұлы дала тарихынан сыр шертетін жыр-термелердің тағылымдық маңызын насихаттау. Байқауда облыстың аудандары мен қалаларынан 15 жыршы-термеші өз бақтарын сынап, өнерлерін ортаға салды. Термешілерге ереже бойынша, "Ел бірлігі", "Астанаға 20 жыл", "Қазақстан халқын топтастырудағы тілдің маңызды рөлі" деген тақырыптар ұсынылды.

Термешілердің өнеріне есімі елге белгілі азаматтар, Қазақстан Жазушылар Одағының Қостанай облыстық филиалының директоры, ақын, байқаудың төрағасы Ғұмар Ахметчин, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Ақжелен» ансамбльінің жетекшісі Назымбек Молдахметов, Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының әнші-термешісі, халықаралық байқаулардың лауреаты Манапбек Кәдіров, Республикалық "Қазақстан-Заман", облыстық "Қостанай таңы" газеттерінің тілшісі, облыстық, республикалық, халықаралық жыршы-термешілердің жүлдегері, ақын, термеші Қыдырбек Қиысқан, Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының бас маманы Роза Олжабаевалар баға беріп қазылық етті .

Сонымен қатар, рухани санамызды жаңғыртатын, ұлттық өнерімізді ардақтайтын ісшараға бір қатар облысымызға ғана емес, республикамызға танымал өнерпаздар, Укин Кенжебек Үкіұлы, Ғұмар Ғарифұлы Ахметчин, Ақылбек Қожаұлы Шаяхметов, Нағашыбай Мұқатов, Аманжол Күзембайұлы, Жақып Қалқаман Қасенұлы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша, Жүлделі ІІІ орынға Амангелді ауданынан келген Фариза Жоламанова, ІІІ орынға Рудный қаласынан келген Айжан Шахаева ие болып, дипломдармен және қаржылай 50 мың теңгемен марапатталды. Жүлделі ІІ орынға Қостанай ауданынан келген Махат Жасұлан дипломмен және қаржылай 75 мың теңгемен марапатталды. Жүлделі І орынды Меңдіқара ауданынан келген Қанат Ражанов дипломмен және қаржылай 100 мың теңгемен марапатталды. Ал Қамысты ауданынан келген Әсем Қажиева "Өнегелі термеші", Жангелдин ауданынан келген Байдос Қожасағиев "Тағылымды терме", Алтынсарин ауданынан келген Серік Алпысов "Көрермен көзайымы" номинацияларын иемденді. Байқауға қатысқан 15 үміткерге «Текті сөздің төресі - терме» атты облыстық байқауына қатысқандарын растайтын сертификат табысталды.

Айта кетейік, облыстық байқау жеңімпазы 2018 жылдың қыркүйек айында Астана қаласында өтетін «Текті сөздің төресі - терме» атты республикалық байқауға қатысатын болады.

Тегтер: терме, Қостанай, байқау, "Текті сөздің төресі - терме"
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ