Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Павлодарда көшпелі семинар өтті

27.4.2018 4191
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақсу қаласының іс жүргізушілеріне, аудармашыларына және қазақ тілі мамандарына арналған көшпелі «Аударма мәдениеті, ресми құжат сауаттылығы және жаңа ұлттық латын әліпбиі негізіндегі мемлекеттік тілді сапалы оқыту жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Жергілікті аудармашылардың біліктілігін арттыру және аударматәсілдерін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған шарада облыстың жоғары оқу орындарының ғалымдары баяндама жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Семинардың практикалық бөлімінде «Латын әліпбиі –өмір талабы», «Аударма ісі және аударма тілі», «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» тақырыптарында дәрістер және практикалық сабақтар жүргізіліп, аудармашы мамандармен тіл мәдениетін дамыту, терминология және латынға көшу мәселелері талқыланды.

Шараға мемлекеттік органдар, мекемелер мен ұйымдардың тіл мамандары, қазақ тілі оқытушылары, аудармашылары мен ісжүргізушілері қатысты.


Тегтер: аударма, Павлодар, тіл мәдениеті, көшпелі семинар
Авторы: Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ