Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Түркітанушылар Қызылордада бас қосты

27.4.2018 2793
Қызылорда қаласында ​​"Рухани жаңғыру және байырғы түркілік руханият" атты түркі жазбалары күніне арналған ауқымды шара өтті. Шараға республикамыздың түкпір -түкпірінен түркілік мәдениеттің ортақ үлгілерін жүйелеп, зерттеп жүрген ғалымдар қатысып, пікір алмасты.

Жиынды Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешов жүргізіп, "Түркі жазбалары күнінің" ерекшелігіне, конференцияның маңыздылығына кеңінен тоқталды.


Кызылорда облыстық мәслихатының хатшысы, тарих ғылымдарынын докторы Наурызбай Байқадамов ел өміріндегі латын әріпіне өтудің алғышарттарын баяндады. Тіл саласында елеулі зерттеу еңбектерімен белгілі ғылымдар Бердібай Шалабай, Шапағат Жалмаханов, Бекен Сағындықұлы, Шанжархан Бекмағанбетов, Гүлпар Мамырбекова, Аманкелді Мамыт жасаған баяндамалар конференцияда көтерілген тақырып аясын кеңейтіп, пікірталас туғызды.

Ауқымды басқосуды шара модераторы Ербол Тілешов: "Біздің көздеген мақсатымыз рухани жаңғыру және байырғы түркілік руханият сабақтастығын жалғастыру болатын. Еліміз жаңа бір белестің алдында тұр. Жаһандану жақындастырып, маңызды латын графикасына өту бағдарламасын жүзеге асыру жүргізілуде. Оны ғалымдарымыз терең зерттеп, тіл заңдылықтарына сүйеніп жүргізетін болады",- деп қорытындылады.

Тегтер: Қызылорда, түркі мәдениеті, түркология, түркі
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ