Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті

21.5.2018 2351

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығының ұйымдастыруымен қазақ тілінде білім алатын жастардың орыс әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру, орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау мақсатында Көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті.

Байқауға Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорғанаудандары мен Қызылорда қаласынан іріктеу турынан өткен жоғары сынып оқушылары және жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан 14-22 жас аралығындағы 17 талапкер қатысты.

Байқау ережесіне сәйкес талапкерлер белгілі қазақ, орыс ақын-жазушыларыныңкөркемдігі жоғары прозалық және поэзиялық шығармаларынан жатқа үзінді оқыды.

Байқауға қатысушыларды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Сәрсенова Дариха Үмбетайқызы бастаған қазылар алқасы бағалады. Сарапшылары үміткерлердің өнерін бағалау кезінде олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, көркем мәтінді таңдау талғамына, сахналық және оқу шеберлігіне, сондай-ақ, сахналық киім мәдениетінебаса назар аударды.

Байқау қорытындысы бойынша Сырдария ауданындағы №36 мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы Хантемір Амангелдиев І орынды жеңіп алса, Қармақшы ауданы, Байқоңыр қаласындағы №272 орта мектептің 10-сынып оқушысы Айдана Ғалымжанова және Қызылорда қаласындағы №257 орта мектептің8 сынып оқушысы Теңізбай Арайлым ІІ орынды, ал «Абылайхан» атындағы жоғары колледжінің 1-курс студенті Елдар Есенгелдиев, Қызылорда қаласындағы №187 орта мектептің 9-сынып оқушысы Аружан Санақұлова, Жаңақорған ауданындағы №163 орта мектептің 7-сынып оқушысы Нұрсұлтан ИкрамІІІ орынды жеңіп алды.

Байқау жеңімпаздары басқарманың дипломдарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Тегтер: Қызылорда, көркемсөз, байқау, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ