Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Ағылшын тілін үйрететін жазғы лагерь ашылды

30.5.2018 4424
Орал қаласында «Дарын» қосымша білім беру орталығы жанындағы жазғы демалыс лагері ашылды. Бұл лагердің ерекшелігі – мұнда «Нұр Отан» партиясының «Үш тұғырлы тіл» партиялық жобасы аясында оқушылар ағылшын тілін үйренетін болады.

- Бүгін міне, оқушылардың дәстүрлі түрде жазғы демалыс орындары ашылып жатыр. «Нұр Отан» партиясы жаңа әлеуметтік аясында өңірімізде ІТ сыныптарын ашу, мектеп оқулары жанында асханалар және үш тұғырлы тіл – ағылшын тілін үйрену бағыттары бойынша жүйелі жұмыс жүретін болады. Қазақстан үшін үш тұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудағы маңызды қадам. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін адам өз елінде де, шетелде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады. Бүгінгі демалыс лагерінде жаз бойы 400-ге жуық оқушы 4 ауысымда әрі демалып, әрі ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын жетілдіретін болады, - дейді «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының Саяси жұмыс бөлімінің консультанты Архат Исламғали.

Биыл Батыс Қазақстан облысында тұңғыш рет қолға алынып отырған тіл үйрену лагері 4 ауысымнан тұрады. Мамыр айының 28-інен басталған алғашқы ауысым 6 маусымға дейін созылмақ. «Достық құшағында» деп аталған бұл топта мүмкіндігі шектеулі 78 бала демалыспен бірге тіл үйренуді де бастап кетіпті.

- Лагерде әдеттегі тәрбиешілерден бөлек, ағылшын тілін жетік меңгерген волонтьерлер қызмет етеді. Олар ағылшын тілінің сабақтарын ойын түрінде өткізеді, - дейді «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз хатшысы Назгүл Қожанбаева.

Лагерде 11-20 маусым аралығында өтетін екінші ауысым «Жас эрудиттер» деп аталады. Оған жаратылыстану-математика бағытындағы барлығы 105 оқушы қатысады. Ал гуманитарлық бағытта білім алып жүрген 105 үздік оқушы қатысатын үшінші ауысым 25 маусымнан 1 шілдеге дейін созылады. Айта кететін жайт, бұл топта Ресей Федерациясында тұратын қандастарымыздың отбасынан 17 оқушы демалады. Ең соңғы, төртінші ауысымда патронаттық тәрбиедегі балалар ата-анасымен бірге – 70 бала, 25 ата-ана демалады деп күтілуде.



Тегтер: Орал, лагерь, ағылшын тілі, Дарын
Авторы: Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ «Егемен Қазақстан»

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ