Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Ақтөбелік тіл мамандары ілеспе аударма жасауды үйренуде

31.5.2018 2894
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығында 28 мамыр-1маусым аралығында қазақша-орысша, орысша-қазақша ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру курсының 2-кезеңі басталды.

Қазақ тілінің аясын кеңейтетін өзекті мәселенің бірі – аударма саласын дамыту. Аударма – кең ұғым. Соның ішіндегі ең күрделісі – ілеспе аударма. Ілеспе аударма теория мен тәжірибені қажет ететін ерекше саланың бірі. Өйткені елімізде енді қолға алынынып келе жатқан іслепе аударма саласын дамыту, мамандарды даяарлау мемлекеттік тілдің дамуына серпін берері анық. Осы орайда, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда, мемлекеттік тілдің көкжиегін одан әрі кеңейтуде Ақтөбе облысындағы дәстүрлі шара - «Қазақша-орысша және орысша-қазақша ілеспе аударма жасауды үйрету және тұлғалық өсу» біліктілікті арттыру курсы жүріп жатыр.

Курстың екінші кезіңіне Ақтөбе қаласы мен аудандардағы мемлекеттік органдар мен компаниялардың, мекемелер мен кәсіпорындардың аудармашылары, ілеспе аударма жасауға бейім, екі немесе одан да көп тіл білетін мамандары және ЖОО-ның оқытушылары шақырылды. Қатысушылар бес күн бойы арнайы техникалық құралдардың көмегімен түрлі тақырыптағы сұхбаттарды ілеспе аудару арқылы практикалық дағдыларын жетілдіруде. Оқыту курсын ілеспе аударма саласының кәсіби маманы, Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері Университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, қазақ-орыс-араб тілдерінен ілеспе аудармашы Дина Есенжан жүргізуде.

Қатысушылар курс барысында шеберліктерін арттырып, пікір алмасып, облысымызда ілеспе аударманың дамуына жасалып жатқан игі бастаманыңбір жүйеге қойылып жатқанына алғастарын білдіруде. Жалпы аталған курспен облыстың 50-ден астам маманы қамтылып отыр.

Тегтер: Ақтөбе облысы, аударма, ілеспе аударма, Дина Есенжан
Авторы: Түменбаев Шыңғысхан Берікұлы, Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ