Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Қыздар Университетінде латын әліпбиін оқыту орталығы ашылады

7.6.2018 2656
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Қазақ алфавитін латын графикасына көшіру жөніндегі орталық ашылады, деп хабарлады оқу орнының Баспасөз қызметі.

Білім беру мекемесінде оқу орнының профессор-оқытушылары мен студенттері латын графикасы негізіндегі жаңа қазақ әліпбиі бойынша оқып, жазуды меңгереді. Сондай-ақ, мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және жетілдіруге бағытталған қосымша кәсіби білім беру бағдарламалары жүргізілмек. Бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейтін орталыққа білікті тіл мамандары жұмылдырылған.

Орталықта оқу ордасының ғалымдары жаңа әліпбидің орфографиясы мен орфоэпиясын қалыптастыру бағытында арнайы сабақтар мен курстар өткізеді. Жаңа әліпби бойынша оқу-әдістемелік кешен жасалып, алдағы уақытта арнайы оқу құралдары да жарық көрмек. Қазіргі күнде арнайы тұжырымдама жасалып, негізгі басым бағыттары түзілді.

– Жаңа заманның жастары өзгермелі уақытта өмір сүруге қабілетті болып қана қоймай, оқиғалар мен үдерістердің ортасында, көш басында болуы тиіс. Бұл терең түйсіне білгенге бәсекелестікке апарар жолдың басы, ұлттық кодымызды көздің қарашығындай сақтаудың негізі. Қазіргі мемлекетімізге ұлтты ұйыстыра алатын, тың бағыттағы рухани ағым керек. Латын әріпін енгізудің басты өзегі де осында жатыр. Сондықтан да жаңа әліпби еліміз үшін қажетті, уақыт талабынан туындап отырған жаңа атрибут, аса маңызды фактор деп санаймыз, – деп атап өтті Қыздар Университетінің Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан.


Тегтер: ​Қыздар Университеті, латын әліпбиі, педагог, орталық
Авторы: "Егемен Қазақстан" газеті

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ