Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Сынама ұйымшылдықпен өтті

16.8.2018 1920
​Латын әліпбиіне көшу – өркениетке ілесу. Елбасы жолдауда «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады» деп, ұлттық өрлеу мен әлемдік өркениетті тұтастандыратын өзекті мәселені де атап көрсетті.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Алматыда латын графикасына негізделген жаңа емле ережелер жобасын сынамадан өткізді.

Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінде Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешов, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты грамматика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Орынай Жұбаева, «Мемлекеттік тілді дамыту институты» ЖШС атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты Бижомарт Қапалбек және орталықтың ғылыми қызметкерлері сынақ сауалнама жүргізді.

Сынамаға Алматы қаласының барлық басқармалар, департаменттер, әкімдіктер қызметкерлері, оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері, әскери қызметшілер жалпы саны 250 адам қатысты.

«Жалпы емле ережелерін жасауда өте мұқият болу керек. Әрбір бапты талдап, талқылап, апробациядан өткізіп барып қабылдаған дұрыс. Міне, бүгінгі апробация (сынама) ісі осыған байланысты. Естеріңізде болса, 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданғанымен, емле ережесі тек 1957 жылы ғана бекітілді және оған 1983 жылы өзгертулер мен түзетулер енгізілді. Соған қарамастан, ол ереженің жоғарыда көрсетілгендей кейбір кемшін тұстарының бар екені әлі де айтылып жүр. Сондықтан қателеспес үшін енді қабылданар емле ережелеріне мұқият қарағанымыз абзал. Латын әліпбиіне көшу және үйрету шараларына мерзім белгілеуде қазақ тілінің табиғаты ескерілмейді. Қазақ тілі – жиырмасыншы ғасырға шейін жазуға байланбай, еркін дамып, дыбыстық жағынан әбден жүйеленген тіл. Ахмет Байтұрсынұлы арабқа, татарға алаңдамай, қазақ тілінің табиғатына ыңғайлап, төл әліпби құрастырып бергенде, онымен сауат ашып кету үшін қабілеті орташа балаға төрт апта жеткілікті болған екен. Қазір де солай, тіпті мектеп деңгейінде лингвистикалық білімі бар қазақша сауатты жандарға дұрыс әліпби болса, жүгіртіп оқып кету үшін төрт-ақ сағат керек»-деді «Мемлекеттік тілді дамыту институты» ЖШС атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты Бижомарт Қапалбек.

Сынаққа қатысқан қауым жаңа әліпбидің жобасына зор қызығушылық танытып, қызу талқылады.

Тегтер: қазақ, тіл, латын, Тіл-Қазына, апробация, Алматы
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ