Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Ілеспе аудармашыларға арналған шеберлік сыныбы өтуде

20.8.2018 3002
Астанада ілеспе аудармашылар біліктілігін арттыруда.

Бүгін қазақша-орысша, орысша-қазақша ілеспе аударма жүргізуді үйретудің шеберлік класы басталды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті мен «Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ ұйымдастырып отырған шара 24 тамызға дейін жалғасады.

Аталған шеберлік кластары мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында қазақшадан орысшаға және орысшадан қазақшаға ілеспе аударма жасайтын аудармашылардың біліктілігін арттыруды көздейді.

Шеберлік кластарында аударма теориясы, жазбаша аударма мен ауызша аударманың ерекшеліктері, ілеспе аудармашыға қажетті базалық грамматикалық және фразеологиялық үлгілері, сөздік қорды байыту жұмыстары бойынша дәрістер оқылады. Сонымен қатар, аудармашы мамандарға аударма теориясы мен практикасы, аударматанудың өзекті мәселелері шеңберінде оқу-әдістемелік көмек көрсетіліп, аударма саласындағы ғалым мамандар озық тәжірибесімен бөліседі.

Шеберлік кластарын белгілі аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Камал Әлпейісова және тәжірибелі ғалым аудармашылар жүргізеді.

Шеберлік сабақтарына орталық және жергілікті атқарушы органдары мен ұлттық компаниялардың аудармашылары қатысуда.


Тегтер: ілеспе аударма, аударма, Камал Әлпейісова, шеберлік класы
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ