Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Батырлар жыры кісілікке баулиды

23.8.2018 3651
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Тұлпар мініп, ту алған» ұлттық байқауы негізінде «Балаларға батырлар жырын жаттатудың тиімді жолдары мен ескеруге тиіс жағдайлар» тақырыбында Алматыдағы Ұлттық кітапханада ұстаздарға арналған кәсіби басқосу өтті.

Басқосудың бағдарламасына сәйкес жоба жетекшісі Серік Сейітман қатысушыларды кәсіби отырыстың барысымен таныстырып, сөз кезегін жыршы, фольклортанушы ғалым Берік Жүсіпке ұсынды.

Өз кезегінде жыршылық өнердің маңыздылығына, эпикалық шығармалардың бала тәрбиесіндегі ерекшеліктеріне тоқталған Берік Жүсіп толыққанды эпикалық шығарманы орындаудағы ғылыми негіздерді атап өтті. «Баланың алғашқы эпикалық білімі анасының әлдиінен қалыптасады» деді ғалым. «Бесік жырының», «Ана» сөзінің маңыздылығына ерекше тоқталып, анаға деген құрметтің ұлттық тәрбиенің бастауы екендігіне тоқталды.

Баланың рухани толысып, ұлттық рухта өсуінде эпикалық орта, эпикалық жад, эпикалық білім мен орындаушылық бір-бірін толықтыруы қажеттігіне де ерекше назар аударған ғалым өкінішке қарай, қазіргі кезеңде осынау құндылықтарды қаперден тыс қалдырғандығымызға алаңдаушылығын білдірді. Сондықтан да мектеп оқушыларына батырлар жырын жаттату арқылы олардың ұлттық жадын қалыптастырып қана қоймай, эпостық жырларда кездесетін бүтіндей бір халықтың тарих-дастанынан хабардар етуге болады.

Батырлар жырын жаттатқан кезде ұлтқа керек нәрселер, мысалы бір ғана «Алпамыс» жырының өн бойында бесік жыры да, аңыздың желісі де, жар-жар, мақал-мәтел, ерлік-елдік те, адамзат баласының кісілігі сияқты тағы да басқа ерекше қасиеттердің шоғырланғандығына көз жеткізе түсеміз.

Ал қорытындысы ағымдағы жылдың 28 қыр­күйегінде анықталатын «Тұлпар мініп, ту алған» байқауына «Алпамыс батыр» жыры таңдалуының да өзіндік мән-мағынасы бар. Байқау Алматы қаласында білім алатын 6-10-сынып оқушылары арасында өтеді.

Мектеп оқушыларын кітапқа баулуды, батырлар жырын насихаттауды, ұлттық рухта тәрбиелеумен қатар өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуды мақсат ететін байқаудың жүлде қоры бірінші орынға – 1 млн 500 мың, екінші орынға – 1 млн, үшінші орынға 500 мың теңге және ынталандыру сыйлықтарымен ерекшеленеді. Ал жүлдегер әрбір оқушының тәлімгері Ұлыбританияның Оксфорд қаласына барып, тіл білімін жетілдіру орталығында ағылшын тілін меңгеріп қайтуға мүмкіндік алады.

Тегтер: батырлар жыры, Алпамыс батыр, мектеп, оқушы
Авторы: Эльвира Серікқызы, «Егемен Қазақстан»

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ