Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Тілге құрмет – сапалы қызмет

27.8.2018 2008

Қазақстан халқы тілдерінің ХХ республикалық фестивалі және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру шеңберінде Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастамасымен 24 тамыз бен 7 қыркүйек аралығы Павлодар облысында «Тілдер онкүндігі» деп жарияланды. Жалпы аталған тілдер онкүндігі шеңберінде облыстың қалалары мен аудандарында елімізде тұратын этнос өкілдерінің мәдениетін, тарихын және тұрмысын насихаттайтын 150-ден астам іс-шара, сондай-ақ тілдерді меңгеруге арналған байқаулар, дөңгелек үстелдер, концерттік бағдарламалар мен конференциялар ұйымдастырылады.

Аталған тілдер онкүндігі ресми түрде ағымдағы жылғы 24 тамызда мемлекеттік тілдің көпшіліктің қолданылуына қол жеткізу және оның пайдалану аясын кеңейту, тіл мәдениетінің деңгейін арттыру, халыққа қызмет көрсету салаларының қызметшілерін ынталандыру мақсатында облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен жарияланған «Мемлекеттік тілде ең үздік қызмет көрсету» конкурсының жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау рәсімімен ашылды.

Конкурсқа мемлекеттік тілде өз білімдерін сынау үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметшілері, түрлі деңгейдегі банктер, жауапкершілігі шектеулі серіктестер мен жеке кәсіпкерлер, жалпы қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер қатысып, өз бақтарын сынады.

Конкурс қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін құрылған қазылар алқасының құрамы алдын ала қатысушылардың мемлекеттік тілде еркін сөйлеуін, тұтынушылармен жұмыс істеу қабілетін, бейнероликтерінің мазмұндылығын бағалап, қорытындысын шығарды.

Нәтижесінде І орынды С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың көрмелер және мәдени бағдарламалар бөлімінің жоғары санаттағы аға кітапханашысы Бақытжан Букашева иеленсе, ІІ орынға «Қазақтелеком» АҚ-ның Ақсу қалалық филиалының 2-санатты абоненттермен жұмыс жасайтын технигі Асель Мухитова және ІІІ орынға Павлодар қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Ұнат Аманбек лайықты деп танылды.

Конкурс жеңімпаздары мен қатысушылары қазылар алқасының шешіміне сәйкес арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және қаржылай сертификаттармен марапатталды.

Айта кетейік, тілдер онкүндігі ағымдағы жылғы 7 қыркүйекте «Достық» концерттік залында «Тіл - достық құралы» атты концерттік бағдарламамен қорытындыланатын болады.


Тегтер: Павлодар, тіл мерекесі, байқау, қазақ тілі
Авторы: Павлодар облысының тілдерді дамтыу жөніндегі басқармасы​

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ