Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Жаңа қазақ әліпбиі Алматы облысында насихатталды

12.11.2018 1909
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 8-9 қараша күндері Алматы облысында «Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау» тақырыбында әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерінің арасында ақпараттық-насихаттау шарасы өткізілді.

Шараның мақсаты – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 19 ақпандағы № 637 жарлығында бекітілген латын графикасындағы қазақ тілі әліпбиіне көшу кезеңдерінде жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстыру және әліпбиге қатысты көпшілік көкейінде жүрген мәселелер бойынша ақпарат беру. Сонымен қатар жаңа әліпби негізінде әзірленген емле ережелерінің мазмұны мен құрылымын түсіндіру, емледегі басты жаңалықтармен бөлісіп, көпшілік қауым арасында ғылыми-танымдық көзқарас қалыптастыру. Соның нәтижесінде халықтың әліпби реформасын оң қабылдауын қамтамасыз етіп, көпшілікпен ғылыми-практикалық байланыс орнату.


Ғылыми сараптамадан өткізілген емле ережелерінің жобасы 2018 жылғы 27 қыркүйекте Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия қарауына ұсынылды. Ұсынылған жоба мазмұны дөңгелек үстел, семинар және көпшілік талқылау түрінде өткізілетін осы шара барысында көпшілікке ғылыми тұрғыдан түсіндіріліп, емле мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ ақпараттық-насихаттық шарада орфографиялық, терминологиялық және әдістемелік жұмыс топтарының мүшелері мен тілші ғалымдар жаңа әліпбиге көшудің мәні мен емледегі өзекті мәселелер жөнінде баяндама жасап, ереженің негізгі қағидаттарымен және басты жаңалықтарымен таныстырды. Қатысушылардан емле ережелеріне қатысты сауалнама алынып, емлені жетілдіруге арналған деректер мен ұсыныстар жинақталды.

Насихат Қапшағай қаласынан бастау алып Бақанас, Талықорған, Текеліде жалғасты. Шараға қала және аудан тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, білім беру мекемелерінің қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер мен тілтанушы ғалымдар және БАҚ өкілдері қатысты.

Тегтер: Тіл-Қазына, Насихат, Латын әліпбиі, Емле ереже, Шаяхметов
Авторы: Тіл Әлемі порталы

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ