Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Латын әліпбиін енгізудің ғылыми-ұйымдастырушылық міндеттері нақтыланды

14.12.2018 2954
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2018 жылдың 14 желтоқсан күні Астана қаласында«Латын әліпбиін енгізудің ғылыми-ұйымдастырушылық міндеттері» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңес латын графикасына негізделген жаңа емле ережелерін Қазақстан Республикасы жанындағы Ұлттық комиссия мақұлдауына байланысты атқарылған жұмыстарды қорытындылау, алдағы уақыттағы жұмыс жоспарын пысықтау және болашақта ұйымдастырылатын ғылыми бағыттағы жұмыстарды белгілеу, нақтылау мақсатында ұйымдастырылды.

Семинар барысында еліміздің беделді ғалымдары Орфографиялық, Әдістемелік, Терминологиялық жұмыс тобы мүшелері Шерубай Құрманбайұлы, Таңат Аяпова, Анар Фазылжанова, Айман Алдаш, Жанар Жұмабаева, Құралай Күдеринова, Айнұр Сейітбекова қатарлы тілші-ғалымдар емле ережелерінің теориялық, әдістемелік негіздері, емле ержелерін үйретуде туындайтын қиындықтар, 2019 жылғы Орфографиялық жұмыс тобы атқаратын шаралар, Ономастикалық ережені дайындаудағы мәселелер, Емле негізінде дайындалатын анықтағыштың негізгі бағыттары турасында баяндамалар жасайды. Тіл орталықтарының әдіскерлері мен мамандарына арналған жаңа жазуды меңгерту әдістемесін үйрететін курс бағдарламасы таныстырылып, талқыланады.

Сонымен қатар латын графикасына көшкен түрік, әзербайжан тілі емле ережелеріндегі ерекшеліктер сөз болады. Аталған шараға 4 жұмыс тобының ғалымдары мен әдіскерлері, мамандар, зиялы қауым өкілдері және журналистер қатысты.

Тегтер: Астана, жаңа әліпби, семинар-кеңес, емле ереже
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ